ҰБО:

06.05.2021

Ағымдағы жылғы 5 мамырда Ұлттық байланыс орталығының (ҰБО) қазақстандық кеңсесі ҰБО тиісті жұмыс істеуі үшін Қазақстанда көпұлтты кәсіпорындардың өлшемшарттарын анықтау жөніндегі үшінші талқылауды өткізді.

Онлайн талқылауға ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілі Е.С.Базарбаев, «Нархоз» Университетінің өкілі С.И.Климкин, Каспий университеті Жеке құқық институтының өкілі Ф.С.Карагусов және «М.С.Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ Университеті» АҚ өкілі М.Н.Абилова қатысты.

Өткізілген кездесу шеңберінде ЭЫДҰ Халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар туралы декларацияның ережелері, сондай-ақ ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарының көпұлтты кәсіпорындарды анықтаумен байланысты ережелерді бөліп көрсету бөлігіндегі ережелер талқыланды. Бұдан басқа, талқылау шеңберінде аталған ережелерге Қазақстан заңнамасымен салыстырмалы талдау жүргізілді. 

Атап айтқанда, көпұлтты кәсіпорындарға арналған мынадай өлшемшарттар талқыланды: 
  1. «Тура және жанама» бақылауды анықтау; 
  2. «Компаниялар тобын» анықтау;
  3. Негіз және еншілес кәсіпорындарды анықтау.  
Талқылау қорытындылары бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасының аумағында көпұлтты кәсіпорындарды анықтау өлшемшарттарының жобасын қалыптастыру туралы шешім қабылдады. 



Қарау саны: 5261
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!