Институт ERI Intern 2021 бағдарламаны ұсынады

11.05.2021

Саған мамандық бойынша жұмыс тәжіребесі керек пе?
Біз тағылымдамадан өтушілерге арналған бағдарламаны ұсынамыз 
ERI Intern 2021

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (Economic Research Institute) нақты жұмыс тәжірибесі үшін ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУШІ ТАЛДАМАШЫЛАРДЫ іздейді.
Біз практикалық және кәсіби тәжірибе алуға мүдделі студенттер үшін «ERI Intern – 2021» жобасын іске қосамыз, бұдан басқа, қолда бар дағдылар жақсартылып, жаңа дағдылар игеріледі. 

ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР:
- бакалавриаттың 3 - ші курс студенті немесе магистратураның 1 - ші курс студенті; 
- академиялық үлгерімі жақсы (GPA 3.7 және одан жоғары); 
- талдамалық ойлау қабілеті, перспективаны көру және міндеттерді шешу; 
- жаңа және қызықты идеяларды тудыру; 
- ағылшын тілін білу (B2 немесе одан жоғары деңгей); 
- Microsoft programs меңгеру; 
- жауапкершілік және бастамашылдық.

Тағылымдамадан өту ерекшеліктері:
- сіздің мүмкіндіктеріңіз бен уақытыңыз бойынша икемді (гибридті) жұмыс кестесінің мүмкіндігі: оқу барысында қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынамыз;                                               
- ERI білікті сарапшыларының тәлімгерлігімен қызықты жобалармен жұмыс;                                                                                                                     - тағылымдама сәтті аяқталған жағдайда, Сіздің оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігіңіз және біздің ERI қабырғасында Сіздің кәсіби дамуыңыз үшін толық кепілдік бар;                                                                                                             
 - сіздің ERI-де тағылымдамадан өткеніңіз туралы растау хат. 

Тағылымдамадан өту мерзімі: 9 ай.

ІРІКТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ:
1. Егер Сіз тағылымнамадан өтуге және «ERI Intern – 2021» жобасына қатысуға дайын болсаңыз, өзіңіздің түйіндемесі бар өтініміңізді hr@economy.kz электрондық мекенжайына 2021 жылғы 1 маусымға дейін жолдаңыз
Түйіндеме бойынша іріктеу нәтижелері 2021 жылдың 4 маусымы күнінің соңына дейін электрондық пошта арқылы жіберіледі. 
2. Құзыреттіліктеріңізді ескере отырып (қажет болған жағдайда)   Problem Solving Test 2021 жылғы 7 маусымда өтеді; 
Problem Solving Test нәтижелері қатысушыларға 2021 жылғы 8 маусымда электрондық пошта арқылы жіберіледі;
3. 2021 жылғы 12 маусымда өткен үміткерлермен сұхбат жүргізіледі және сол күннің ішінде нәтижелері белгілі болады. 
Өз біліміңді тәжірибеде қолдан. Сәттілік тілейміз!  



Қарау саны: 5269
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!