ERI «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ-2021» байқауын қорытындылады

17.05.2021

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Қазақстан өңірлерінің дарынды жастары арасындағы «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ-2021» байқауының нәтижелері туралы жариялады.


Жобаға қатысу үшін 3-4 курс студенттері, магистранттар мен магистрлер (29 жасқа дейін) эссе дайындады, оның негізінде қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. 

«Жас Зерттеуші-2021» байқауына Қазақстанның 17 жоғары оқу орнынан 50 эссе түсті. Үміткерлерді іріктеу талдамалық жұмыстың мазмұны үшін балл сомасы бойынша жүргізілді. 

2021 жылы үздік эсселер ретінде мыналар анықталды:

- «Экономиканың сапалы өсуіне көшу: перспективалар мен сын-қатерлер» бағыты: 
Кайым Сұлтанбек Найзуллаұлы (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.);

- «Пандемиядан кейінгі әлемдегі жаһандану процестері» бағыты: Қалдыбаева Аяжан Назарқызы («Тұран» университеті, Алматы қ.);

- "Инвестициялық климаттың Қазақстан экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға әсері" бағыты: Ким Евгения Владимировна ("Тұран" университеті, Алматы қ.);

- «Қазақстанның тұрақты даму мақсаттары бойынша сын-қатерлер» бағыты: Амангельдина Ақерке Талғатқызы (Мачерата Университеті, Италия); Дүйсенбекова Айгерім Азатқызы (Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Нұр-Сұлтан қ.);

- «Қазіргі әлемдегі Қазақстанның экономикалық стратегиясы: тәуекелдер, жоспарлау, дамудың перспективалық бағыттары, елдің әлемдік экономикадағы орны» бағыты: Аманжолов Нұрсұлтан Ерланұлы (С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан қ.);

- «Мықты өңірлер-мықты Қазақстан (ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту, урбандалу сын-қатерлері, көші-қон процестері, өңірлерде жұмыс орындарын құру)» бағыты: Қалдыбаева Гүлжазира Есенжолқызы (Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ.);

- «Кәсіпкерлік саласындағы өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік реттеудің «салауатты теңгеріміне» қол жеткізу» бағыты: 
Платицина Василина Владимировна (Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясы, Алматы қ.).

«Ортақ іс-Ортақ мақсат-Қазақстанның көркеюі» интеллектуалды онлайн – жобасының «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ – 2021» байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Байқаудың барлық сегіз жеңімпазы «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ-2021» мектебінің өткізілуі туралы толық ақпарат алады.

Естеріңізге сала кетейік, жобаның мақсаты Қазақстан өңірлеріндегі дарынды жастарды анықтау, оларды өзекті әлеуметтік және экономикалық проблемаларды зерттеуге тарту, оларды шешу жолдарын әзірлеу болып табылады. 

Шарттарға сәйкес Байқауға жеңіп шыққан қатысушылар Институт сарапшыларымен бірлесіп ұжымдық талдамалық зерттеулерді әзірлеуге тартылатын болады. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдардың бірінде ғылыми мақала жариялау жоспарланған, сондай-ақ ҚР Үкіметіне талдамалық жазба дайындалатын болады.

Жеңімпаздарға Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін талдамалық материалдарын дайындауға қатысқаны туралы сертификаттар беріледі. Өз кезегінде жоғары оқу орындарының ректорларына жоғары білікті зерттеушілерді даярлау бойынша бірлескен жұмыс жүргізгені үшін алғыс хаттар жіберілетін болады.




Қарау саны: 5574
Сақталған: 17.05.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!