ҚББИ есептеу индикаторлары:

18.05.2021

2021 жылғы 17 мамырдағы Балалардың әл-ауқат қазақстандық индексін бағалау әдістемесі жобасын талқылау бойынша кезекті отырысы өтті.


Талқылау барысында қоғамдық көліктердің қауіпсіздігі, мектептегі тамақтану сапасы, ауылдық өңірлерде таза ауыз суға қол жеткізу, балаларды қорғау тетіктері және фокус-топтар арқылы олардың пікірлерін ескеру мәселелері қозғалды. Онлайн-кездесу барысында ерекше білім беруге мұқтаждығы бар балаларға, үш ауысымда оқитын мектептерге, шала туылған сәбилерге қатысты сұрақтар көтерілді.


Отырыста білім беру саласындағы үкіметтік емес ұйымдар,  Адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюроның, «Әкелер одағы» және басқа да қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.


Заң ғылымдарының докторы, Ұлттық үйлестіруші және БҰҰ-ның білікті жаттықтырушысы Халида Әжіғұлова талқылауға буллинг және кибербуллинг, мектеп оқушыларының тамақтану сапасы, қоғамдық көліктердің қауіпсіздігі және мектеп дәретханаларының жай-күйі туралы мәселелерді көтерді.


Әжіғұлова фокус-топтарын жүргізу арқылы балалардың өз пікірлерін есепке алу маңыздылығын атап өтті. Оның пікірі бойынша бұл іске асырылып отырған әлеуметтік бағдарламалар мен олар үшін ұсынылатын қызметтер тиімділігін арттырады, сонымен қатар нақты әр баланың әл-ауқаттылығын бағалауға көмектеседі.


І.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекші ғылыми қызметкері Ботагөз Ахметова жекелеген ауылдық өңірлерде таза суға қол жетімділігі проблемаларын ескеріп, құқық қорғау органдарында есепте тұрған балалардың мәселелерін атап өтті.


«Адам құқықтары және заңдылықтың үстемдігі жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро»  бөлімшесінің директоры Ильяс Әділбаев Индексті балаларды қорғау тетіктері бойынша доменмен толықтырып және оған сәйкес көрсеткіштер  әзірлеуді ұсынды.


Қарағанды​​қаласындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Татьяна Савицкая Индекс жобасын талқылауға белсенді қатысты. Ол презентацияны жоғары бағалады және далалық әлеуметтік зерттеулерді ескеруді ұсынды.


«Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінен Мақсұтбек Айтмағанбет балалардың физикалық және психологиялық денсаулығына, жол қауіпсіздігіне, мектеп дәретханаларына және басқа да әл-ауқаттың маңызды көрсеткіштеріне қатысты өзекті индикаторларды қолдануға назар аударды.


Балалардың әл-ауқатының индексі Қазақстанда 2022 жылдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша енгізілетін болады. Индексті енгізу балалардың өмір сүру сапасын бағалауға және елдегі балалардың әл-ауқатының шамамен деңгейін өлшеуге мүмкіндік береді.

 



Қарау саны: 5619
Сақталған: 18.05.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!