ERI Intern-designers 2021
19.05.2021
Саған мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі керек пе? Біз тағылымдамадан өтушілерге арналған бағдарламаны ұсынамыз ERI Intern-designers 2021
«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (Economic Research Institute) нақты жұмыс тәжірибесі үшін тағылымдамадан өтуші дизайнерлерді іздейді. Біз практикалық және кәсіби тәжірибе алуға мүдделі студенттер үшін «ERI Intern-designers 2021» жобасын іске қосамыз, бұдан басқа, қолда бар дағдылар жақсартылып, жаңа дағдылар игеріледі.
ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР: - бакалавриаттың 3 - курс студенті немесе магистратураның 1 - курс студенті; - дизайн - жобаларды визуалдай білу; - графикалық дизайн құралдарын білу; - ақпараттық материалдармен жұмыс; - жаңа және қызықты идеяларды тудыру; - ағылшын тілін білу (B1 деңгейінен төмен емес); - Microsoft programs меңгеру; - жауапкершілік және жасампаздық.
Тағылымдамадан өту ерекшеліктері: - Сіздің мүмкіндіктеріңіз бен уақытыңыз бойынша икемді (гибридті) жұмыс кестесінің мүмкіндігі: оқу барысында қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынамыз. - Қызықты жобалармен жұмыс. - Тағылымдама сәтті аяқталған жағдайда, Сіздің оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігіңіз және біздің ERI қабырғасында Сіздің кәсіби дамуыңыз үшін толық кепілдік бар. - Сіздің ERI-де тағылымдамадан өткеніңіз туралы растау хат.
Тағылымдамадан өту мерзімі: 9 ай.
ІРІКТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ: 1. Егер Сіз тағылымнамадан өтуге және «ERI Intern – 2021» жобасына қатысуға дайын болсаңыз, өзіңіздің түйіндемесі бар өтініміңізді hr@economy.kz электрондық мекенжайына 2021 жылғы 1 маусымға дейін жолдаңыз. Түйіндеме бойынша іріктеу нәтижелері 2021 жылдың 4 маусымы күнінің соңына дейін электрондық пошта арқылы жіберіледі.
2. Құзыреттіліктеріңізді ескере отырып (қажет болған жағдайда) Design Thinking Test 2021 жылғы 7 маусымда өтеді; Design Thinking Test нәтижелері қатысушыларға 2021 жылғы 8 маусымда электрондық пошта арқылы жіберіледі;
3. 2021 жылғы 12 маусымда өткен үміткерлермен сұхбат жүргізіледі және сол күннің ішінде нәтижелері белгілі болады. Өз біліміңді тәжірибеде қолдан. Сәттілік тілейміз!
Қарау саны: 5451 |
|
|