Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ВАК

19.05.2021

2021 жылғы 18 мамырда ҚР Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстандағы балалардың әл-ауқатын бағалау әдістемесін әзірлеу жөніндегі жұмыс барысын талқылады.

 

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың төрағалығымен өткен отырысқа ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшелері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҮЕҰ өкілдері және басқалар қатысты.

 

Талқылауға қатысушылар Ел Президенті Қ. Тоқаевтың  балалардың әл-ауқаты мен балалар бюджетін бағалау әдістемелерін әзірлеу туралы тапсырмасының іске асырылу барысын қарастырды.

 

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің орынбасары Дулат Жекебаев осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы, оның ішінде қоғамдық талқылаулардың барысы туралы айтып берді. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды, белсенді қатысатын сарапшыларды атап өтті. Сондай-ақ, ол негізгі серіктестердің, атап айтқанда БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЭФ) және Экономикалық зерттеулер институтының жұмысын атап өтті.

 

Экономикалық зерттеулер институты тарапынан отырысқа Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылықтың директоры Хамбар Бақытгүл қатысты. Ол қатысушыларды Қазақстандағы балалардың әл-ауқатын бағалау әдістемесінің жобасымен және оны әзірлеуде қолданылатын негізгі тәсілдермен таныстырды.

Асхат Аймағамбетов әдістемені әзірлеу бойынша барлық жұмыстар ағымдағы жылдың маусым айына дейін аяқталуы тиіс екенін атап өтті.

«Қазір Экономикалық зерттеулер институты мен UNICEF ҮЕҰ-мен және басқа да әріптестермен бірлесіп, балалардың әл-ауқатын бағалау әдістемесінің жобасын іске асырды, оны талқылауды және толықтыруды қажет етеді, өйткені оны орындауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын болады», - деп толықтырды министр.



Қарау саны: 5372
Сақталған: 19.05.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!