Меморандум

01.05.2021

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ мен Беларусь Республикасы Экономика министрлігінің «Ғылыми-зерттеу экономикалық институты» арасындағы

өзара түсіністік және серіктестік туралы Меморандум

 

2021 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ мен Беларусь Республикасы Экономика министрлігінің «Ғылыми-зерттеу экономикалық институты» мемлекеттік ғылыми мекемесі арасында өзара түсіністік және әріптестік туралы Меморандум жасалды.


Ынтымақтастықтың жұмыс бағдарламасы шеңберінде бірлескен ғылыми зерттеулер мен әдіснамалық әзірлемелер жүргізу, бірлескен жарияланымдар дайындау, өзара келісілген тақырыптар бойынша бірлескен онлайн конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру, Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының ұлттық үкіметтері, халықаралық ұйымдар, жеке компаниялар қаржыландыратын гранттарға бірлесіп қатысу жоспарлануда.


Қысқа мерзімді перспективада ұлттық макроэкономикалық, инвестициялық саясат, еуразиялық интеграцияны дамыту, балалардың әл-ауқаты және басқа да мәселелер бойынша пікір алмасу жоспарлануда.


Ынтымақтастық бағыттарының бірі БР және ҚР үкіметтері, сондай-ақ БАЭК ғылыми-технологиялық кеңесі үшін ЕАЭО мәселелері бойынша тақырыптық шолулар мен талдаулар дайындау болады.


Меморандум шеңберіндегі ынтымақтастық Тараптардың өңірлік және халықаралық деңгейде өзара ілгерілеуіне ықпал ететін болады.



Қарау саны: 5452
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!