ЭЫДҰ Инвестициялар комитеті:
20.05.2021
2021 жылғы 18 мамырда ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Іс-шараға қазақстандық кеңсенің өкілдері және бүкіл әлемнен ЭЫДҰ Ұлттық байланыс орталықтарының 48 өкілдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібі-құрамында бизнесті жауапты жүргізу стандарттарының болуын анықтау мақсатында ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарының өзектілігін талқылау. Бұрын бұл қағидаттар 2011 жылы қайта қаралған. Бірқатар ережелерді қазіргі бизнес-ахуалдың шынайылығына сәйкес келтіру қажеттілігі туындады. Қатысушылар ҰБО арасында ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарының бизнесті жауапты жүргізу саласындағы заманауи сын-тегеуріндерге сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама қорытындыларын қарастырды. Талдау ҰБО келесі қағидаттар секцияларына қатысты үлкен қызығушылық танытты: ҰБО интерпретациясы және мониторингі, корпоративтік басқару және қоршаған орта. Көрсетілген нәтижелерді пысықтау мемлекеттік сектордың, бизнестің уәкілетті өкілдерімен және өзге де мүдделі тараптармен жүргізілетін болады. Бизнесті жауапты жүргізу стандарттарын жақсарту бойынша өзекті ету және одан әрі ынтымақтастық нақ осы бағыттарда дамуы тиіс, — деп атап өтті талқылауға қатысушылар.
Отырыс соңында ЭЫДҰ-ның Басшылық қағидаттарын өзгерту бойынша қорытындыларды өткізу туралы бірінші есепті пысықтау қажеттігі туралы шешім қабылданды.
Қарау саны: 5255 |
|
|