ЭЫДҰ вебинары
31.05.2021
2021 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ қатысуымен ЭЫДҰ-ның "Қант саласын қолдауды басқару үшін тиімді жүйені қалыптастыру" мәселелері бойынша вебинары өтті. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасында аграрлық азық-түлік секторының бәсекеге қабілеттілігі саласындағы әлеуетті нығайту және дамыту мәселелері бойынша вебинарлар сериясының бір бөлігі болып табылады. Вебинар қант қызылшасының қазіргі жағдайын бағалауға және аграрлық азық-түлік секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін негізгі саяси-экономикалық шараларға қатысты ұсыныстар қалыптастыруға арналды. Вебинардың басты мақсаты ЭЫДҰ сарапшылары мен саяси қайраткерлер мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы өңдеу өнеркәсібінің басшылары арасындағы тепе-тең өзара іс-қимыл арқылы тәжірибе алмасуды ұйымдастыру болды. Вебинарды аша отырып, ЭЫДҰ экономикалық талдамашысы Патрик Шатне қант қызылшасы саласындағы тиімді мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытудың саяси-экономикалық құралдары бөлігіндегі еуропалық тәжірибеге шолу жасады. Вебинарда мынадай мәселелер қаралды: 1) саланы дамытуды мемлекеттік қолдауға стратегиялық тәсілді әзірлеу тәсілдері. 2) ауыл шаруашылығы өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары арасындағы өндірістік қатынастарды оңтайлы ұйымдастыру тәсілдері. 3) Еуропалық Одақ елдерінің қант қызылшасы саласын дамытуды мемлекеттік қолдауға қатысты тәжірибесі. Қант қызылшасы импортының барынша төмендеуі, азық-түлік қауіпсіздігі және осы саладағы инвестициялық тартымдылық басым болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қант қызылшасы саласы қамтылған. Вебинарға қатысқан қазақстандық қант өндіру мамандары мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері қант өндірісі саласындағы ағымдағы үрдістерді талдаумен танысты және қант саласын қолдауды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру саласындағы тәжірибені зерттеді. ЭЫДҰ-1948 жылы құрылған және өкілді демократия мен еркін нарықтық экономика қағидаттарын мойындайтын дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымы. ЭЫДҰ мақсаты тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және мүше елдердің өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған үйлестірілген саясатты жүргізу болып табылады. 37 ел ЭЫДҰ мүшелері болып табылады. Қазақстан 2008 жылдан бері ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты жүзеге асырып келеді.
Қарау саны: 5300 |
|
|