ERI-дің 60 жылдығын тойлау аясындағы
03.06.2021
Экономикалық зерттеулер институты (ERI) өзінің 60 жылдық мерейтойы аясында бірқатар онлайн іс-шаралар ұйымдастырады.
Ағымдағы жылдың мамыр айының соңынан қараша айына дейін келесі тақырыптар бойынша виртуалды дөңгелек үстелдер өтеді:
ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарын түсіндіру және ҰБО қызметі туралы хабардар ету — ағымдағы жылғы мамыр айының соңында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ туралы толығырақ) Басшылық қағидаттарын енгізу мен сақтауды Ұлттық байланыс орталығы (ҰБО туралы толығырақ) үйлестіреді. ҰБО Хатшылығының функцияларын "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ жүзеге асырады.
Іс-шараға ҚазСтандарт, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің (СИМ) Техникалық реттеу және метрология комитетінің (ТРМК) өкілдері, өңірлердің, бизнестің, кәсіподақтардың өкілдері қатысты.
"BusinessNEXT: бизнес-мектептердің экономика мен қоғамдағы жаңа рөлі" форумы – 2021 жылғы 9 маусым, сағат 15:00
Форумның негізгі күн тәртібі - жаңа шындық жағдайында бизнес көшбасшыларын даярлаудың білім беру моделін қайта жүктеу. Форумға сарапшылар қауымдастығының, бизнес-мектептер мен бизнестің өкілдері қатысады: Назарбаев Университетінің, "Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының Перспективалық экономикалық зерттеулер орталығы" мемлекеттік мекемесінің, BTS Education (Қазақстан), "ISKER azamat-EL TIREGI ШОБ Қауымдастығы" ЗТБ және басқалар.
Ұлттық жобалар: шындық және қазіргі заман-2021 жылдың маусым айының соңы
Виртуалды дөңгелек үстел ағымдағы жағдайға сәйкес ұлттық жобаларды ұйымдастыру және іске асыру мәселелеріне арналған.
ҚР мемлекеттік органдарының, Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясы Мәскеу қ.) өкілдерінің және басқа да шетелдік сарапшылардың қатысуы жоспарланып отыр.
Балалардың әл – ауқаты-елдің өркендеуінің кепілі-2021 жылдың маусым айының соңы
Қазақстан балаларының әл-ауқат индексін есептеу әдістемесінің жобасын әзірлеумен ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институты ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп айналысады. ЮНИСЕФ жобаға техникалық қолдау көрсетеді. Іс-шараға БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО), Азия даму банкінің (АДБ), орталық мемлекеттік органдардың, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (АҚДМ), ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің (ҚР БҒМ БҚҚК) өкілдері, сарапшылары мен барлық мүдделі тұлғалар шақырылды.
Өңірдегі экономикалық саясаттың перспективалары. Ынтымақтастықты тереңдету үшін ұсынымдар әзірлеу-2021 жылғы маусымның соңы
Виртуалды дөңгелек үстелде ШЫҰ елдерінің (ҚХР, Үндістан, КР, Пәкістан, РФ, Өзбекстан, Тәжікстан) ғылыми консорциумы мүшелерінің қатысуымен өңірдегі экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға арналған ұсынымдар қаралады.
Экономикалық дамудың өзекті мәселелерін талқылау, ЕАЭО және ТМД елдері экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін жаңғырту және арттыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу-2021 жылғы шілде-тамыз
Іс-шарада Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкіндіктері талқыланады. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) ғылыми-техникалық кеңесі мүшелерінің Ресей Федерациясынан, Армения Республикасынан, Беларусь Республикасынан, Қазақстан Республикасынан, Қырғыз Республикасынан қатысуы жоспарлануда.
ШЫҰ ғылыми ұйымдары Консорциумының отырысы-2021 жылғы қыркүйек
Зерттеу нәтижелерін талқылау, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) министрлерінің отырысына ұсынымдар дайындау.
ШЫҰ ғылыми ұйымдары консорциумының отырысына ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ғылыми-зерттеу және талдау құрылымдарының өкілдері қатысады.
ҚР пандемиядан кейінгі нақты ахуалдағы экономикалық өсуі: тәуекелдер және жаңа сын — қатерлер-2021 жылғы тамыз Дөңгелек үстел Дүниежүзілік банк, Халықаралық Валюта Қоры, Азия даму банкі, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі өкілдерінің қатысуымен өтеді.
Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы аумақтық-кеңістіктік даму саясатын трансформациялау-2021 жылғы қазан
Виртуалды дөңгелек үстелге Қазақстанның көрнекті ғалымдары мен сарапшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Экономикалық зерттеулер институтының Өңірлік зерттеулер орталығының сарапшылары шақырылды.
Нормативтік құқықтық актілер қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарларына бағалау жүргізу сапасын арттыру-2021 жылғы қараша
Іс-шараларға қатысушылар арасында ЭЗИ сарапшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, ЕҚЫҰ академиясының өкілдері Бішкек қ.), қазақстандық және шетелдік сарапшылар қатысты.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институты (ERI) — Қазақстан экономикасының кешенді даму проблемаларын зерттейтін жетекші мемлекеттік институт. 1961 жылы құрылған.
ERI елдің экономикалық стратегиясының іске асырылу барысын ғылыми қамтамасыз етуді әзірлейді, экономиканың жай-күйін және оның келешекке арналған даму болжамын талдайды, тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға жәрдемдеседі.
Қарау саны: 5137 |
|
|