BusinessNEXT: Саясат Нұрбек

07.06.2021

"BusinessNEXT: бизнес-мектептердің экономикадағы және қоғамдағы жаңа рөлі" онлайн-форумының спикері, Қазақстандағы EdTech жетекші компаниясы "BTS Education" бас директоры Саясат Нұрбек корпоративтік оқытуды дамыту векторы ретінде құзыреттердің салалық бейіндерін және кәсіби дағдылардан тыс дағдыларды қалыптастыру туралы айтып береді.

 

Саясат Нұрбек — қоғам қайраткері, спикер, бірнеше тіл білетін оқытушы. Ол білім беру саласындағы танымал ұлттық сарапшы, өңірдегі негізгі білім беру жобаларының негізін қалаушы (Ecole 42 серіктес мектебі, алғашқы Ұлттық мемлекеттік саясат мектебі, дағдыларды зерттеу бойынша алғашқы Ұлттық форсайт, Мемлекеттік саясат және талдау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы); форсайт-зерттеулер бойынша сертификатталған сарапшы.

 

BTS Education – "Қазақстанның жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласы" жобасын (бұдан әрі-Атлас) және "EduNavigator" кәсіптік бағдар беру платформасын әзірлеушілер.

 

Атластың көмегімен экономиканың қарастырылып отырған салаларының әрқайсысы бойынша әртүрлі құзыреттіліктерге қажеттіліктерді болжауға болады, бұл болашақ стратегиялық даму бағдарламаларының дәлдігіне оң әсер етеді. Бұдан басқа, бұл халықтың біліктілігін арттыруға деген түсінігі мен мүдделілігіне, сұранысқа ие болатын өзекті дағдыларға немесе кәсіптерге оқытуға тартылуына әсер етеді.

 

Бүгінгі таңда Атлас негізінде білім беру стандарттарына бірқатар жаңалықтар енгізілуде. Мысалы, Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің базасында "Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен пайдалы қазбаларды өндіруге арналған пилотсыз ұшу аппараттарының операторы" жаңа мамандығы бойынша оқыту басталды.

 

Атласты әзірлеу әдістемесі халықаралық тәжірибеге және экономика салаларын дамытудың әлемдік үрдістерін ескеруге негізделген. Оған өндіріс, мемлекеттік органдар, салалық қауымдастықтар және басқа да мамандар өкілдері ретінде салалық сарапшылардың қатысуымен rapid foresight технологиясы бойынша пәндік сессиялар өткізу кірді.

 

Атласта экономиканың басым 9 саласы: тау-кен металлургия кешені, мұнай-газ саласы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, АКТ, энергетика, туризм және құрылыс бойынша еңбек нарығын сыни түрде өзгертетін негізгі технологиялық үрдістерге талдау жасалған. Құжатта кәсіптердегі таяудағы 5-10 жылға арналған өзгерістер болжанып, сондай-ақ 239 жаңа, 95 трансформацияланатын және 129 жойылып бара жатқан кәсіптер айқындалды.

 

Тікелей көрсетілім 9 маусым күні сағат 15.00-де Қазақстанның Экономикалық зерттеулер институтының ресми Youtube-арнасында, сондай-ақ @economic.research.kz Facebook-арнасындаөтеді.

 



Қарау саны: 5780
Сақталған: 08.06.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!