ЕАЭО отырысы
07.06.2021
"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ сарапшылары Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) интеграциялық әлеуетін қалыптастыру және бағалау үшін "шығындар-шығарылым" елдік және еларалық кестелерді пайдалану жөніндегі сарапшылар тобының отырысына қатысты. Отырыста "Одақтың ғылыми-технологиялық алға жылжуы үшін жағдай жасау және шығарылым әлеуетін арттыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақта өнім шығарылымының макроэкономикалық әлеуетін бағалау және қосылған құн тізбектерін қалыптастырудың перспективалы бағыттарын талдау" тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысының екінші кезеңі қорғалды.
"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ сарапшылары, оның ішінде ғылым жөніндегі кеңесші, э.ғ.д., Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Болат Құсайынов ғылыми-технологиялық дамудың негізгі бағыттары бойынша форсайт-сессияға қатысты.
Зерттеу нәтижелері бойынша ең перспективалы салаларға мыналар жатады:
Ғылыми-зерттеу жұмысында цифрлық және экологиялық экожүйе бойынша жобаларды тікелей мақсатты қаржыландыру мәселелерін пысықтау қажеттігі атап өтілді.
Отырысқа қатысушылар еларалық "шығындар-шығарылым" кестелерінің құралдарын пайдалана отырып, ЕАЭО-ға интеграцияның әсерін бағалауды талқылады.
2021 жылғы 3 маусымда өткен іс-шараның қорытындысы бойынша ЕАЭО елдерінің ЕЭА цифрлық экожүйесін құру, жалпы ғылыми инфрақұрылым құру, ЕАЭО аумағында ғылыми қызметті бағалаудың стандарттары мен өлшемшарттарын әзірлеу негізінде үйлестірілген өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық дамуға көшу қажеттігі туралы шешім ұсынылды.
Отырысқа ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдары мен ғылыми институттарының өкілдері қатысты.
Еуразиялық экономикалық одақ 2010 жылғы желтоқсанда ұлттық экономикаларды жан-жақты жаңғырту, кооперациялау және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және мүше мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесінде тұрақты даму үшін жағдайлар жасау мақсатында құрылды. Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения ЕАЭО мүшелері болып табылады. Бақылаушы елдер-Өзбекстан, Куба және Молдова.
Сондай-ақ мынаны оқыңыз: Еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі халықаралық конференция
Қарау саны: 5321 |
|
|