BusinessNEXT: Леонид Ельшин

08.06.2021

Блокчейн технологиялары қазіргі әлемнің ажырамас бөлігіне айналды және ел экономикасына үлкен әсер етеді.

Осы нарықтың кеңеюінің салдарын түсіну үшін ықтимал салдарлар мен тәуекелдерді болжауға мүмкіндік беретін тиісті әдіснамалық құралдарды әзірлеу орынды және өзекті болып табылады.

Ресейлік зерттеушілердің пікірінше, бұл мәселені шешу цифрлық технологияларды қолданумен байланысты қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің стратегиялық бағыттарын анықтауға және осы негізде Ресей Федерациясының заңнамасын дамытудың тұжырымдамасы мен бағыттарын жасауға мүмкіндік береді. Бұл мәселе өткен жылдың соңында, Орталық банк қағаз және қолма-қол ақшасыз қаражатпен қатар Ресейдегі ақшаның үшінші түріне айналуы мүмкін цифрлық рубльді экономикалық айналымға енгізу мүмкіндігін қарастыру туралы бастама көтергеннен кейін өзекті болды.

Зерттеу нәтижесі Ресей Федерациясында блокчейн технологияларын қолдану перспективалары, экономиканың бірқатар экономикалық операцияларының блокчейн технологиясына өтуі кезінде әлеуметтік, экономикалық, бюджеттік, технологиялық және басқа тәуекелдерді азайту бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу болады.

"BusinessNEXT: бизнес-мектептердің экономика мен қоғамдағы жаңа рөлі" онлайн-форумының спикері, "Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының Перспективалық экономикалық зерттеулер орталығы" МБМ директорының ғылым жөніндегі орынбасары Леонид Ельшин блокчейн технологиялардың экономиканың жекелеген секторлары мен басқару модельдерінің дамуына әсерін бағалау деректерімен (Ресей Федерациясының мысалында) толығырақ бөліседі.

 

Ельшин мырза сондай-ақ Қазан (Приволжск) Федералдық университетінің стратегиялық бағалау және болжамдар орталығының директоры, Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университетінің Менеджмент және кәсіпкерлік қызмет кафедрасының профессоры болып табылады.

Экономика ғылымдарының докторы, "Өңірлік әлеуметтік-экономикалық жүйелерді болжамдау" бағыты бойынша 17 монография мен 300-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.

Естеріңізге сала кетейік, Форумның тікелей көрсетілімі 9 маусым күні сағат 15.00-де Қазақстанның Экономикалық зерттеулер институтының ресми Youtube-арнасында және @ economic.research.kz Facebook-арнасында өтеді.




Қарау саны: 5273
Сақталған: 08.06.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!