Тікелей эфир

09.06.2021

Экономикалық зерттеулер институты (ERI) бүгін, 9 маусымда сағат 15: 00-де басталатын "BusinessNEXT: бизнес-мектептердің экономика мен қоғамдағы жаңа рөлі" онлайн-форумына дайындалуда. Іс-шара ERI құрылғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

 

Бизнес-көшбасшыларды оқыту мен дамытудың жаңа күн тәртібін қалыптастыру ШОК өсуінің негізгі шарты болып табылады және осыған байланысты жаңа қалыптылық жағдайында бизнес көшбасшыларын даярлаудың білім беру моделін қайта жүктеу тақырыбында талқылаулар өткізудің өзектілігі артады.

 

Форум спикерлері:


1.    Сұлтанов Руслан Серікұлы, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма төрағасы. Форум қатысушыларының кіріспе сөзі.

2.    Доктор Патрик Дюпарк, Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің деканы. Бизнес ортасындағы өзгерістер және жаңа қалыптылық жағдайындағы бизнес-мектептердің жаңа рөлі.

3.    Саясат Нұрбек, BTS Education Бас директоры. Корпоративтік оқытуды дамытудың векторы ретінде құзыреттердің салалық бейіндерін және кәсіптен тыс дағдыларды қалыптастыру.

4.    Ельшин Леонид Алексеевич, профессор, э.ғ. д., "Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының Перспективалық экономикалық зерттеулер орталығы" МБУ директорының ғылым жөніндегі орынбасары. Блокчейн технологиялардың экономиканың жекелеген секторлары мен басқару модельдерінің дамуына әсерін бағалау деректері (Ресей Федерациясының мысалында).

5.    Сағиева Римма Қалымбекқызы, профессор м.а., э. ғ. д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы.  Экономикалық білім берудің перспективалары туралы.

6.    Аяпова Жамал Мадахметқызы, э.ғ. к., М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗМЗУ МВА бизнес-мектебінің жетекшісі.  Жаңа басқарушы кадрларды даярлаудағы бизнес-білімнің рөлі туралы.

7.    Панов Самат Төлегенұлы, MBA, М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗМЗУ МВА Бизнес-мектебінің оқытушысы. Жаңа басқарушы кадрларды даярлаудағы бизнес-білімнің рөлі туралы.

8.    Дүйсенбекова Жазира Әділқызы, "ISKER AZAMAT-EL TIREGI ШОБ Қауымдастығы" ЗТБ Басқарма төрайымы.

 

Форум модераторы: Жақыпова Шахарбану Шорманқызы, э.ғ. д., "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Бас ғылыми қызметкері.

 

 

Форумның түйінді мәселелері:

 

  • Бүгін және болашақта бизнес көшбасшысының портреті.
  • Бизнес көшбасшылары өзгерген қалыпты жағдайда кәсіпкерлік бастаманы сәтті жүзеге асыру үшін қандай дағдылар мен құзыреттер қажет?
  • Жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті бизнесті қалыптастыруда бизнес-мектептердің рөлі қандай?
  • Бизнес-көшбасшыларды дамыту мен оқытудың "жаңа күн тәртібін" анықтайтын негізгі факторлар.
  • Қазіргі үрдістердің кәсіпкерліктің экожүйесін қалыптастыруға әсері.

  • Ғылыми институттар мен бизнес-мектептердің, бизнестің ынтымақтастығы және басқа да мәселелер.


 Тікелей көрсетілім 9 маусым күні сағат 15.00-де Қазақстанның Экономикалық зерттеулер институтының ресми Youtube-арнасында, сондай-ақ @economic.research.kz Facebook-арнасындаөтеді.




Қарау саны: 5417
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!