ҚББИ Үкімет
01.06.2021
Қазақстанда Балалардың әл-ауқат индексі 2022 жылы енгізіледі, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің сайты.
Бүгін ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды. "2022 жылы балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын, білімін, материалдық әл-ауқатын, әлеуметтенуін қамтитын Қазақстан балаларының әл-ауқат индексін енгізу жоспарлануда. Осы индекстің көмегімен балалардың жағдайын жақсарту бойынша мемлекеттік органдар жұмысының нәтижелілігі қадағаланатын болады", — делінген хабарламада. Қазақстан балаларының әл-ауқат индексін есептеу әдістемесінің жобасын әзірлеумен Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының ( ЮНИСЕФ) қолдауымен ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институты ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп айналысады.
Индексті қазақстандық ғалымдар елдегі негізгі индикаторларға сүйене отырып әзірлейді, олар жобаны қоғамдық талқылау барысында ашық алаңдарда да қаралады. Қазақстан балаларының әл-ауқат индексі қазақстандық балалардың жалпы және жекелеген бағыттар бойынша қаншалықты қолайлы екенін анықтауға мүмкіндік береді. Өңірлер бөлінісінде әртүрлі салалардағы ұлттық саясаттың тиімділігін қадағалауға және балалардың өмір сүру сапасы қалай өзгеретінін көрнекі түрде көрсетуге, проблемалық аймақтарды олардың әл-ауқатына көрсетуге мүмкіндік туады.
Институттың economy.kz порталында нақты индикаторларды енгізу бойынша дауыс беру қолданылады, оның негізінде талдау жүргізу үшін индикаторлар жиынтығы қалыптастырылатын болады.
Шаршы метр және балалардың көкөністер мен жемістерді жеткілікті мөлшерде тұтынуы туралы сұрақтар уәкілетті органдардың қызметкерлері отбасыларға келіп, осы көрсеткішті тексереді деп айтпайды. Бұлмемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан шаралар мен саясаттың жалпы көрінісін түсінуге көмектесетін сұрақтар.
Қазақстан Парламенті статистикалық және сауалнама көрсеткіштерінің негізінде балалардың әл-ауқаты үшін жағдайды жақсартатын болады.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Қазақстан Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев 2022 жылдан бастап ұлттық мониторинг тетігін-балалардың әл-ауқат индексін әзірлеу және енгізу қажеттігі туралы мәлімдеді . Қазіргі уақытта Индекс жобасын әзірлеушілер ата-аналармен, ҮЕҰ өкілдерімен, сарапшылармен, педагогтармен және басқа да мүдделі тараптармен бірқатар қоғамдық талқылаулар өткізді. Нәтижесінде, индикаторлардың бастапқы жиынтығыжұртшылықтың ұсыныстары мен ескертулерін ескере отырып пысықталып, толықтырылды.
Қазақстандағы балалардың әл-ауқатын бағалау үшін ұсынылатын индикаторлар.
Қарау саны: 5441 |
|
|