ERI ӨЗО сарапшылары
09.06.2021
Ағымдағы жылы ауылдық округтердің 704 әкімі тікелей дауыс беру арқылы таңдалады, деп хабарлайды Экономикалық зерттеулер институтының Өңірлік зерттеулер орталығының сарапшылары.
2021 жылғы 24 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлауды енгізу мәселелері жөніндегі заң жобасына қол қойды.
Сайлауды тағайындау, кандидаттарды ұсыну, оларға қолдау көрсету үшін қол жинау, кандидаттарды тіркеу, сайлау өткізу, дауыстарды санау және сайлау қорытындыларын шығару тәртібін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап желтоқсан айына дейін адамдар ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауына өз құқықтарын жүзеге асыра алады.
Тұжырымдаманы іске асыру азаматтардың өздерін жандандыруға, биліктің халық алдындағы бақылауы мен есептілігі тетіктерін жасауға, өмір сүру сапасы мен жағдайларын жақсартуға ықпал етеді, деп санайды ӨЗО сарапшылары.
Жалпы, 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін сайлау аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдардың шамамен 2 345 әкімдеріне қатысты болады.
Ағымдағы жылы 704 әкімнің өкілеттіктері аяқталады (1-сурет). Келесі жылдары өкілеттік мерзімінің аяқталуына қарай қалған әкімдер халықтың тікелей дауыс беруімен сайланатын болады. 1-сурет-Өкілеттігі 2021 жылы аяқталатын ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері бойынша жиынтық ақпарат
Өкілеттіктері 2021 жылы аяқталатын ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің ең көп саны:
Сайлау 40 күн бұрын жарияланады, ал сайлаудың өзі қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын өтеді. Сайлау өткізілгеннен кейін 3 күн ішінде қорытынды шығарылады. Сайлау өткізілгеннен кейін 7 күн ішінде аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімді тіркейді, содан кейін ол өз өкілеттігіне кіреді.
Бір адам бір аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.
Ауылдық округ тұрғындары, әкім сайлаған азаматтар ретінде, жергілікті қоғамдастық жиналысында қанағаттанарлықсыз жұмыс нәтижелері, әдепсіз мінез-құлық және басқалар үшін оның өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасауға құқығы бар. Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің дауыс беру қорытындылары бойынша хаттама ресімделеді, ол тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қарауына жіберіледі. Мәслихат осы хаттаманың негізінде ауыл әкімінің өкілеттігін тоқтатуды қарау, оған сенімсіздік білдіру туралы мәселе қояды және көпшілік дауыспен шешім қабылдайды.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі 2030 жылға қарай жергілікті өзін – өзі басқарудың жаңа моделін қалыптастыруды көздейтін Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының (бұдан әрі-Тұжырымдама) жобасын әзірледі.
Тұжырымдама екі кезеңде іске асырылатын болады: бірінші кезең – 2021-2024 жж. және екінші кезең – 2025-2030 жж.
Тұжырымдама жобасындағы маңызды аспект "Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы" жаңа Заңды әзірлеу болып табылады.
"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Өңірлік зерттеулер орталығының сарапшылары Тұжырымдаманы әзірлеуге белсенді қатысты. Тұжырымдама 2018 жылғы "Жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігін арттыру есебінен өңірлердің институционалдық ортасын жақсарту" талдамалық зерттеуіне негізделген.
Сондай-ақ мынаны оқыңыз: ЭЗИ ӨЗО директорының ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы сұхбаты
Қарау саны: 5464 |
|
|