ERI ӨЗО сарапшылары
18.06.2021
"Ауыл – Ел бесігі" жобасы - ауылдық аумақтардың инфрақұрылымын жаңғырту "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Өңірлік зерттеулер орталығының сарапшылары "Ауыл – Ел бесігі" жобасын екі жыл ішінде іске асыру нәтижелеріне талдау жасап, жобаның ағымдағы жылға арналған жоспарлары туралы айтып берді. Ауыл тұрғындарының әл – ауқатын жақсарту үшін 2019 жылғы 27 ақпанда "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы "Ауыл-Ел бесігі" жобасын іске асыруды бастады. "Ауыл – Ел бесігі" жобасын іске асыру үшін 6 322 ауылдық елді мекеннің 3 561 – і (оның ішінде-1 173 тірек және Екі жыл ішінде "Ауыл – Ел бесігі" жобасын іске асыру инфрақұрылымның алуан түрлерін айтарлықтай жаңғыртуға мүмкіндік берді. 1 505 жобаның 45% (677) жол құрылысы мен жөндеуге, 28% (419) — әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға және 27% (409) — ТКШ жобаларына бағытталды. Жобалармен қамту халық саны екі млн адамнан асатын 238 ауылды құрады. Жобалардың басты мақсаты әртүрлі инфрақұрылым түрлерін жақсарту және жаңғырту болғанына қарамастан, оларды іске асыру жұмыспен қамтуға да өз үлесін қосты. Екі жыл ішінде 15,7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, оның 1,7 мыңы — тұрақты жұмыс орны. Құрылған жұмыс орындарының ең көп саны Алматы, Түркістан, Ақмола және Жамбыл облыстарына тиесілі. 158 жаңа нысанның құрылысы және 1 347 нысанды жөндеу есебінен әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жақсарды, оның ішінде 1,9 мың км жол мен көше салынды және абаттандырылды, 40 км сумен жабдықтау желісі салынды.
Жаңа жобалардың басым бөлігі Ақтөбе, Алматы, Жамбыл және Павлодар облыстарына тиесілі. Жөнделген әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерінің басым бөлігі Түркістан, Жамбыл, Қостанай және Павлодар облыстарына тиесілі.
2021 жылы "Ауыл – Ел бесігі" жобасын іске асыру шеңберінде инфрақұрылымды жаңғыртуды жалғастыру жоспарлануда. 1 140 жобаның 62,8% — ы (716) жол құрылысына және жөндеуге, 26,7% — ы (304) - әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға және 10,5% - ы (120) - ТКШ жобаларына бағытталатын болады.
Бұл 241 жаңа құрылыс салу және 899 нысанды жөндеу есебінен ауылдардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді. Жобалардың басым бөлігі Түркістан облысында – 302, Жамбыл облысында – 119 және Шығыс Қазақстан облысында-94 жүзеге асырылады. Жобалармен қамту: 480 ауылды құрайды, оның ішінде 323 тірек ауыл (67,3%), 157 — серік (32,7%).
Жобалар іске асырылатын ауылдардың ең көп саны – Жамбыл – 69, Түркістан – 68 және Солтүстік Қазақстан облыстарында-49.
"Ауыл – Ел бесігі" жобасын іске асыру ауылдық жерлерде тұрудың жайлылығын арттыру жөніндегі басты міндетті шешеді.
Қарау саны: 5300 |
|
|