ERI дөңгелек үстелінің спикерлері
23.06.2021
«Балалардың әл-ауқаты-ел өркендеуінің кепілі» дөңгелек үстеліБалалар болашаққа көпір болып табылады және оларға қамқорлық жасау бізден жауапкершілік пен толық берілгендікті талап етеді.
Бүгінде Қазақстанда балалардың әл – ауқатын қамтамасыз ету мәселелерімен тоғыз министрлік пен ведомство айналысады, жергілікті деңгейде бұл мыңға жуық білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдары. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл үлкен рөл атқарады. Олардың бастамалары бойынша халық пен балалардың құқықтарына байланысты көптеген мәселелер шешіледі. Балалардың өмір сүру сапасының елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына әсерін бағалау туралы толығырақ «Балалардың әл – ауқаты-ел өркендеуінің кепілі» дөңгелек үстелінің жалпы отырысында талқыланады, онда спикер ретінде Эльвира Әзімова, Gwyther Rees және Бауыржан Мұқан сөз сөйлейді.
Әзімова Эльвира – Қазақстан Республикасының адам құқықтары жөніндегі уәкіл;
Gwyther Rees — әлеуметтік-экономикалық саясат саласындағы халықаралық сарапшы, көптеген зерттеулердің авторы және балалардың әл-ауқаты жөніндегі әдістемені әзірлеуші, Италия;
Мұқан Бауыржан – экономика ғылымдарының кандидаты, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. Естеріңізге сала кетейік, дөңгелек үстелдің тікелей көрсетілімі 25 маусымда сағат 15.00-де Қазақстанның Экономикалық зерттеулер институтының ресми Youtube-арнасында, сондай-ақ @economic.research.kz. Facebook-арнасында өтеді
Сондай — ақ мынаны оқыңыз: ERI-дің «Балалардың әл-ауқаты-ел өркендеуінің кепілі»
Қарау саны: 5419 |
|
|