Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

12.04.2020

Сіздерді Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймыз! 
⠀
Ғылыми жаңалықтар, шығармашылық, зияткерлік қызмет барлық уақытта елдің табысты дамуының, прогрестің, мемлекеттің өркендеуінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

⠀
Ғылыми әлеуетті қалыптастыру ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің басты шарттарының бірі болып табылады. Жаңғырту, экономиканың тиімділігін арттыру, инновацияларды енгізу ғалымдардың, зерттеушілердің, оқытушылардың, ғылыми қоғамдастық мүшелерінің еңбегінсіз мүмкін емес.

Ғалымның күнделікті өмірі-бұл күрделі, жауапты, бірақ өте қызықты, жаңалықтарға, жаңа білім мен жетістіктерге толы жұмыс. Бұл өз ісіне адал және өз идеяларын жүзеге асыруға ұмтылатын бей-жай қарамайтын адамдарды біріктіретін мамандық.

⠀
Сізге жаңа ғылыми жаңалықтар, кәсіби жеңістер, ең батыл жобаларды жүзеге асыруда сарқылмас шығармашылық қуат тілейміз!
⠀
Құрметпен, 
"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ


Қарау саны: 7546
Сақталған: 30.07.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!