ERI мен УрМЭУ арасындағы ынтымақтастық

23.06.2021

Ағымдағы жылдың маусым айында "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (бұдан әрі – ERI) мен "Урал мемлекеттік экономикалық университеті" ЖБ ФМББМ (бұдан әрі — УрМЭУ) арасындағы 2021—2022 жылдарға арналған ынтымақтастықтың жұмыс бағдарламасына қол қойылды және бекітілді.


УрМЭУ тек Екатеринбургте ғана емес, сонымен бірге Ресей Федерациясының Свердлов облысындағы ең ірі университет болып табылады.

ERI көптеген жылдар бойы университетпен серіктес болды.


Ынтымақтастықтың жұмыс бағдарламасы ERI және УрМЭУ өкілдерінің іс-шараларға (конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, семинарларға) өзара қатысуын, іс-шараларды бірлесіп өткізуді, ғылыми еңбектерді бірлесіп жариялауды, экономика және мемлекеттік басқару саласындағы зерттеулерді әзірлеуді, онлайн-дәрістерді өзара оқуды, жетекші ғалымдар мен сарапшылардың қонақ дәрістерін көздейді.


ERI қызметкерлері 2021 жылғы 27 мамырда Екатеринбургте УрМЭУ ұйымдастырған "Тұрақты даму парадигмасындағы менеджмент және кәсіпкерлік" IV Халықаралық практикалық конференциясына қатысты.

Конференцияда мыналар баяндама жасады:

  • ERI Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары Ерлан Кәрімов: "Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың әлемдік үрдістері. Қазақстан тәжірибесі"  тақырыбымен.

  • ERI Бәсекелес ортаны зерттеу орталығы директорының орынбасарлары Айгүл Асенова мен Дарина Кеңес және аға сарапшы Динара Мұқышева "5К" бизнесті дамытудың тұрақты моделі" тақырыбымен.

Ерлан Кәрімов өз баяндамасында Қазақстан Үкіметінің Дүниежүзілік Банктің Doing Business зерттеуі аясында кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмысына баға берді. Әлемде және Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін заманауи үрдістер, танымал қолдау шаралары ұсынылды. Баяндамашы машиналар, жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету, шығыс материалдарын сатып алуға кеткен шығындарды өтеу, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау көлемін ұлғайту, мемлекеттік сатып алуға қатысуға басым құқық беру, әлеуметтік кәсіпорын ашылған сәттен бастап алғашқы екі жыл ішінде жалақы шығындарын жабу және т.б. сияқты әлемде танымал қолдау шараларына назар аударды. Сонымен қатар, Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша кейстер және олардың нәтижелері ұсынылды.

ERI Бәсекелес ортаны зерттеу орталығының сарапшылары өз сөзінде алдағы жиырма жылда заманауи әлемдік үрдістер бизнестің тұрақты модельдерін дамытуда жаңа тәсілдерді талап ететінін атап өтті. Жаңа шынайылық жағдайында бизнестің тұрақты дамуы үшін серпінді бағыттар: креативтілік, капитал, бәсекеге қабілеттілік, шоғырландыру және құзыреттер ("5 "К") болады.


УрМЭУ қызметкерлері алдағы ERI іс-шараларына қатысуды жоспарлап отыр.

ERI мен УрМЭУ арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективасында-академиялық және зерттеу қоғамдастығының күш-жігерін шоғырландыру: ұйымдардың адами капиталын дамытуға үлес қосу және экономика мен мемлекеттік басқару саласында сапалы әдіснамалық және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді әзірлеуге жәрдемдесу.

 

ERI зерттеу қызметінің түрлі бағыттары, соның ішінде халықаралық бағыттар бойынша белсенді ынтымақтастық жасайды. 2021 жылдың сәуірінде ERI Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының Перспективалық экономикалық зерттеулер орталығымен (ПЭЗО) өзара түсіністік және әріптестік туралы Меморандум жасасты.


Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Беларусь Республикасы Экономика министрлігінің "Ғылыми-зерттеу экономикалық институты" мемлекеттік ғылыми мекемесімен өзара түсіністік және серіктестік туралы Меморандум жасалды.

 

 

 

Сондай-ақ мынаны оқыңыз: Татарстан ҒА ПЭЗО-мен Меморандум


Беларусь Республикасы Экономика министрлігінің Ғылыми-зерттеу экономикалық институтымен Меморандум



Қарау саны: 5616
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!