ERI ӨЗО сарапшылары
28.06.2021
2021 жылы Қазақстан қалаларында өмір сүру сапасының ұлттық рейтингін қамту 25 қалаға дейін ұлғаяды (2020 жылы — 18 қала), деп хабарлады "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Өңірлік зерттеулер орталығының сарапшылары.
Функционалдық қалалық аудандардың 18 қала-орталықтарына халқының саны 50 мың адамнан асатын, функционалдық қалалық ауданның құрамына кірмейтін облыстық маңызы бар қалалар қосылады:
ӨЗО мамандары 2020 жылы қалаларда өмір сүру сапасының мерзімді ұлттық рейтингін жасады.
Рейтинг жасау кезінде пайдаланылатын әдіснама өмір сапасы бойынша әлем қалаларының халықаралық рейтингтерін өткізу тәжірибесін ескереді. 2020 жылы рейтинг 18 қаланы қамтыды, өмір сүру сапасын бағалау 63 көрсеткіш бойынша жүргізілді, оның ішінде 43 — статистикалық, 18 – сауалнама және 1 – рейтинг көрсеткіші. Рейтинг экономика, бизнес-орта, әлеуметтік сала, қалалық инфрақұрылым және қалалық орта сапасы сияқты қала өмірінің түрлі салалары бойынша көрсеткіштерді қамтиды.
2020 жылдың нәтижелері бойынша Қазақстан қалаларында өмір сапасы рейтингінде бірінші орынды 6,3 балл рейтингімен Нұр-Сұлтан қаласы иеленді (ең жоғары балл – 10 балл). Рейтингте екінші орында Алматы (6,2 балл) тұр. Үшінші орында - Ақтау (6,1 балл).
18 қаланың ішінен 6 балдық көрсеткішті тек 3 қала ғана еңсере алды. Рейтингтің соңында Тараз, Семей және Орал қалалары орналасқан.
2020 жылғы рейтингтің әдіснамасы мен нәтижелері туралы толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Қазақстанда, бүкіл әлемдегі сияқты, қалалық агломерациялар мен қалалар аса маңызды рөл атқарады. Осылайша, агломерация орталықтарында елдің ЖІӨ-нің шамамен үштен бірі өндіріледі, агломерация орталықтарының негізгі капиталына инвестициялар республикалық көлемнің бестен бір бөлігін құрайды. Қалаларда өмір сүру сапасы мәселелеріне қызығушылық урбандалу деңгейінің өсуімен байланысты (елдің қала халқының үлесі 59% - ға жетті). Болжамдар бойынша 2030 жылға қарай Қазақстанда урбандалу деңгейі 65% - ды құрайды[1].
Мерзімді ұлттық рейтинг қалалардағы өмір сүру сапасын одан әрі жақсартуға жәрдемдесудің құралы болуға арналған. Қала дамуының ең өткір мәселелерін анықтай отырып, рейтинг қала билігі, инвесторлар, жалпы жұртшылық үшін теңгерімді басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпарат береді. "Өмір сапасы БҰҰ-ның елдер мен ұлттардың даму деңгейін сипаттайтын маңызды көрсеткіші болып табылады. БҰҰ-Хабитат Ассамблеясының 2020-2023 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының негізінде "Урбандалатын әлемдегі барлық адамдар үшін өмір сүру сапасын арттыру" жаңа тұжырымдамасы жатыр. Шынында да, "бүгінде жақсы басқарылатын жақсы жоспарланған қалалар әлемнің болашақ тұрақтылығының негізгі элементі болып табылады" деген пікірмен келісуге болады", — дейді ӨЗО сарапшылары.
Қалалардағы өмір сапасының алғашқы бәсекелестік рейтингтері өткен ғасырдың 70-ші жылдары пайда бола бастады. Қазіргі уақытта қалаларда өмір сүру сапасын бағалайтын көптеген халықаралық рейтингтер бар: Quality Of Living City Ranking, Global Cities Index (GCI), Global Power City Index (GPCI) және басқалар. The Economist газетінің еншілес компаниясы, The Economist Group талдамалық бөлімшесінің әлемдегі өмір сүру үшін ең қолайлы қалалар рейтингі әлемдегі ең танымал рейтингтердің бірі болып табылады. 2021 жылы Economist Intelligence Unit (EIU) әлемдегі ең ыңғайлы қалалардың кезекті рейтингін жариялады[2]. Ең қолайлы қала Окленд (Жаңа Зеландия) қаласы болды. Рейтингтің алғашқы ондығына: Осака (Жапония), Аделаида (Австралия), Веллингтон (Жаңа Зеландия), Токио (Жапония), Перт (Австралия) кірді. [1] "Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 қазандағы №185 Жарлығы.
Қарау саны: 5383 |
|
|