ҰБО желісінің

29.06.2021

2021 жылғы 22-23 маусымда Ұлттық байланыс орталығының қазақстандық кеңсесі ЭЫДҰ-ның бизнесті жауапты жүргізу бойынша Ұлттық байланыс орталықтары желісінің (бұдан әрі-ҰБО, ҰБО желісі) онлайн – кездесуіне қатысты.

 

Кездесуде ҰБО желісінің 2022-2024 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары талқыланды.

        

Келіссөздер процесінің негізгі элементі алдыңғы жоспарларды талдау болды, олар:

  • сараптамалық бағалауларға;
  • функционалдық эквиваленттілікті құруға;
  • ҰБО құралдарын құруға және жетілдіруге;
  • келісу саясатын әзірлеуге және ілгерілетуге негізделген.

 

ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің Бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі жұмыс тобы ҰБО-ның ЭЫДҰ іс-шараларына қатысуы жөніндегі деректерді ұсынды.

 

 

1-сурет. ҰБО ұйымдастырған іс-шаралар

Кездесу қорытындысы бойынша барлық ҰБО өкілдері ағымдағы жылдың шілде айында аталған тетікті одан әрі жетілдіру идеяларын пысықтай отырып, даму перспективаларын талқылауға шешім қабылдады.


Сондай-ақ мынаны оқыңыз: ЭЫДҰ-ның бизнесті жауапты жүргізу бойынша IX Жаһандық форумы 

 

ERI Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының қызметі туралы толығырақ



Қарау саны: 5310
Сақталған: 30.06.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!