ТДМХ жұмыс кездесуі
01.07.2021
30 маусымда Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылығының ұйымдастыруымен "ТДМ нығайту және ТДМ гендерлік бағдарланған бюджеттеу тәсілдері" тақырыбында жұмыс кездесуі өтті. Кездесуге ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Қаржы, Білім және ғылым, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының өкілдері және БҰҰ Қазақстандағы әйелдер өкілі қатысты. Іс-шараны аша отырып, ТДМ жөніндегі Хатшылық директоры Бақытгүл Хамбар Қазақстан алты жыл ішінде ТДМ бойынша 2030 жылға дейінгі күн тәртібін іске асыратынын атап өтті.
"Елімізде тұрақты дамуды жүзеге асыру нормалары заңнамалық деңгейде бекітілген, бірақ әлі күнге дейін іске асыру тетіктері, оның ішінде ТДМ бойынша бюджеттеу пысықталған жоқ", — деді Бақытгүл Хамбар.
Оның айтуынша, жұмыс кездесуін БҰҰДБ ERI-мен ТДМ қаржыландыруды жүзеге асыру қағидаттарын мемлекеттік жоспарлау жүйесіне интеграциялау бойынша бірлескен бағдарлама аясында ұйымдастырды. 2020 жылы "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ мен БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) ERI-ге 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстанда ТДМ Қаржыландырудың кешенді ұлттық тетігін әзірлеу үшін Тұрақты даму мақсаттарымен қаржыландыру шаралары мен саясатын келісу жөніндегі БҰҰ-ның Бірлескен бағдарламасын іске асыруда сараптамалық және талдамалық қолдау көрсету туралы келісімге қол қойды. Осы келісім аясында ағымдағы жылдың наурыз айында ERI Дамуды қаржыландыруды бағалауды аяқтады, — деп атап өтті ERI Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Мұқан.
Іс-шара екі сессиядан тұрды. Бірінші сессиядаТДМ үшін бюджет жасау әдістемесі әзірленді (B4SDG). Әдіснаманың таныстырылымын оның негізгі авторы Сурен Погосян (Ph.D., Еуропа және ТМД елдері бойынша БҰҰДБ Стамбул өңірлік орталығының ТДМ қаржыландыру жөніндегі кеңесшісі) өткізді. Қазақстандағы ТДМ бюджеттеудің техникалық-экономикалық негіздемесі туралы тәуелсіз халықаралық консультант Грегори Де Паепе (Gregory De Paepe) айтыпберді . Спикер сондай-ақ ТДМ бюджеттеу бойынша Мексиканың үлгісін ұсынды. БҰҰДБ Стамбул өңірлік хабының бағдарламалық маманы Елена Данилова-Кросс ТДМ бойынша ұлттық бюджеттерді кешенді бағалау бойынша ағымдағы сыни жұмыс туралы айтып берді .
"2019 жылдан бастап Қазақстанда ТДМ іске асыруды қаржыландыруды бағалау бойынша белсенді жұмыс жүргізілді, оны ERI БҰҰДБ қолдауымен және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен өткізді. Талдау ТДМ бюджеттеуді қаржыландырудың негізгі көзі мемлекеттік қаржыландыру болып табылатынын көрсетті", — деп түйіндеді Қазақстандағы ТДМ директоры. Екінші сессияда ТДМ бюджеттеу әдіснамасының (B4SDG) негізгі мәселелері талқыланды. Бірлескен пікірталас шеңберінде қатысушылар ТДМ бюджеттеу әдіснамасының бес негізгі мәселесі бойынша өз пайымдарын ұсынды: 1. Неліктен? (Неліктен елге ТДМ бюджеттеу қажет және оның негізгі пайдаланушылары / бенефициарлары кімдер?) 2. Кім? (ТДМ бюджеттеу бойынша кім негізгі жауапты орган болады?) 3. Не? (ТДМ бюджеттеуді нені өтейді / қамтиды?) 4. Қашан? (Бюджеттік кезеңде ТДМ туралы ақпарат қашан қолданылады?) 5. Қалай? (Мемлекеттік қаржыны басқару жүйесінің бизнес-процестері ТДМ бюджеттеуді қалай бейімдейді?) Іс-шараның қорытындысы бойынша осы жылдың соңына дейін ТДМ бюджеттеудің Жол картасын жасауды қоса алғанда, Қазақстанда ТДМ бюджеттеуді іске асыру бойынша мынадай қадамдар белгіленген. ____ 2015 жылғы 25 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде әлемдік көшбасшылар, оның ішінде мемлекет және үкімет басшылары кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы күреске, сондай-ақ климаттық өзгерістерге байланысты проблемаларды шешуге бағытталған 17 Тұрақты даму мақсатының тізімін қамтитын 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібін қабылдады. Қазақстан Тұрақты даму мақсаттарын орындау бойынша өзіне міндеттемелер алған ел ретінде барлық бағыттар бойынша белсенді жұмыс істейді және жаһандық мақсаттарға табысты қол жеткізуге өз үлесін қосуға дайын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының төрағалығымен Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы тапсырмасы бойынша құрылды. Ұлттық экономика министрлігі Кеңес жұмысының Үйлестіру органы болып табылады. Хатшылықтың рөлін сараптамалық-талдамалық қолдау көрсететін "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ атқарады. 2021 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Асқар Маминнің өкімімен "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесінің Хатшылығы ретінде ресми түрде бекітілді.
Қарау саны: 5346 |
|
|