IMD—2021 рейтингісінің нәтижелерін түсіндіру

01.07.2021

 

ERI Стратегиялық талдау орталығының сарапшылары IMD—2021 рейтингісінің нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға арналған түсіндіру семинарын өткізді

 

Кеше, 30 маусымда мемлекеттік органдар өкілдері үшін "IMD—2021 әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінің қорытындылары" тақырыбында түсіндіру семинары өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) ұйымдастырды. Модераторлар мен спикерлер ERI Стратегиялық талдау орталығының директоры Баян Әбдірахманова және Стратегиялық талдау орталығы директорының орынбасары Шолпан Каймолдина болды.

Іс-шарада 2021 жылғы рейтинг нәтижелері, оның құрылымы мен әдіснамасы, статистикалық деректерді қалыптастыру және сауалнама жүргізу алгоритмі талқыланды. Рейтингтің жеке көрсеткіштері бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер берілді. 

Семинар қорытындысы бойынша IMD рейтингінде Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін сапалы пысықтау мақсатында ERI-дің мемлекеттік органдармен одан әрі тығыз ынтымақтастығы туралы шешім қабылданды.

Іс-шара онлайн форматта өтті.

 

Бұған дейін, 2021 жылдың 17 маусымында Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы 2021 жылғы IMD Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің нәтижелерін жариялаған болатын.

Рейтинг нәтижелері бойынша Қазақстан Португалия (36-орын), Италия (41-орын), Үндістан (43-орын), Ресей (45-орын), Украина (54-орын) сияқты елдерді басып озып, 35-орынды иеленді.

Зерттеуде әлемнің 64 елі бағаланды. Рейтингте Швейцария, Швеция және Дания көш бастап тұр.

 

 

Қазақстан Республикасы IMD рейтингіне алғаш рет 2008 жылы қатыса бастады. Сол жылдан бастап ҚР Ұлттық экономика министрлігінің "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Қазақстандағы IMD серіктесі болып табылады.

 

Анықтамалық: Әлемдік бәсекеге қабілеттілік жылнамасында 335 көрсеткіш бар, оның 2/3 – і статистикалық деректер негізінде, 1/3-і сауалнама деректері бойынша есептеледі. Рейтинг нәтижелері  (а) кәсіпорындар басшыларының 2021 жылғы бірінші тоқсандағы экономиканы қабылдауы туралы жауаптарының және (b) өткен кезеңдердің статистикалық деректерінің құрамдастырылған нәтижелеріне құрылған.

 

IMD-2021 рейтингісінің нәтижелерімен Халықаралық менеджментті дамыту институтының (International Institute for Management Development) ресми сайтында мына сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады 

 

 



Сондай—ақ мынаны оқыңыз: Қазақстан IMD-2021 рейтингінде 35-орында

 ERI IMD—2020 рейтингісінің қорытындысы бойынша түсіндіру семинарын өткізді

 




Қарау саны: 5451
Сақталған: 23.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!