Әсет Ерғалиев:
02.07.2021
2025 жылға қарай ауылдық округтердің дербестігі 35%-ға дейін артадыЖергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасына сәйкес тұрғындар өздерінің елді мекендеріне қатысты маңызды шешімдер қабылдауға қатысатын боладыҰлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының (ЖӨБ) жобасын ұсынды, деп хабарлады министрліктің сайты. ЖӨБ-тің жаңа моделі бес негізгі қағидат негізінде қалыптастырылатын болады:
Тұжырымдамада тұрғындардың маңызды мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қатысуы көзделеді. Мысалы, елді мекендердің мәртебесін, атауын және шекарасын өзгерту, жергілікті қоғамдастықтың басым міндеттерін айқындау мәселелері. Жергілікті қоғамдастық пен бюджетті дамыту жоспарының орындалуын бекітетін , ауылдық деңгейде салық мөлшерлемелерінің мөлшерін реттейтін, ауылдардың сапалы абаттандырылуын бақылайтын ауылдық өкілді орган – "Кеңес" құрылатын болады. 2022 жылдан бастап ауыл деңгейіне салықтар мен төлемдердің қосымша төрт түрі берілетін болады. Бұл бірыңғай жер салығы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем, оларды сатудан түсетін түсімдер және жалдау құқығын сатқаны үшін төлем. 2023 жылы тағы да бірқатар салықтар мен төлемдер берілетін болады. Фискалдық орталықсыздандыру бойынша шаралар қабылдау нәтижесінде 2025 жылы ауылдық округтер бюджетінің өзін-өзі қамтамасыз етуінің 35% - ға дейін өсуі күтілуде.
Тұжырымдама жобасында коммуналдық меншік объектілерін тиімді пайдалану және жергілікті бюджет шығыстарының ұтымды бөлінуін арттыру бойынша шаралар көзделген.
ЖӨБ тұжырымдамасын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 2021 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап ауыл әкімдерін тікелей сайлау басталады. Сайлау заңнамасына сәйкес кандидаттарды ұсынудың екі негізгі әдісі қарастырылған – саяси партиялардан және өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Келесі қадам 2024 жылдан бастап аудан әкімдерін тікелей сайлауды енгізу болады. "Ұсынылған тәсілдерді тиімді іске асыру үшін нақты мерзімдер мен жауапты орындаушыларды көрсете отырып, Іс-қимыл жоспары әзірленді. Жоғарыда аталған барлық шаралар халықтың нақты қажеттіліктерін ескеруге және азаматтардың жергілікті атқарушы билік органдарына деген сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Әсет Ерғалиев. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Өңірлік зерттеулер орталығының (ӨЗО) сарапшылары ЖӨБ Тұжырымдамасын әзірлеуге белсенді қатысты. Оның негізін ӨЗО сарапшылары 2018 жылы жүргізген "Жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігін арттыру арқылы өңірлердің институционалдық ортасын жақсарту" талдамалық зерттеуі құрайды. ERI сарапшылары жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың ағымдағы ахуалына талдау жасау, әлемдік тәжірибеге шолу жасау бойынша үлкен жұмыс жүргізіп, тиісті тұжырымдар жасады. Сондай-ақ, ӨЗО мамандары Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2021-2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына ұсыныстар әзірледі. "Тұжырымдаманы іске асыру азаматтардың өздерін жандандыруға, биліктің халық алдындағы бақылауы мен есептілігі тетіктерін жасауға, өмір сүру сапасы мен жағдайларын жақсартуға ықпал ететін болады", - деп атап өтті ӨЗО сарапшылары. Олардың айтуынша, Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы 2030 жылға қарай жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа моделін қалыптастыруды көздейді. Іске асыру екі кезеңде өтеді: бірінші кезең – 2021-2024 жылдар және екінші кезең – 2025-2030 жылдар. ЖӨБ Тұжырымдамасының жобасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты халыққа Жолдауы барысында айтылған тапсырманы орындау мақсатында әзірленді. Сондай-ақ мынаны оқыңыз: Президент Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің отырысын өткіздіҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Екінші Жолдауы
Қарау саны: 5258 |
|
|