ERI ӨЗО ауылдық жердегі білім беру
08.07.2021
Ауылдық жерлердегі мектепке дейінгі және орта білім беру саласының инфрақұрылымы: даму үрдістері мен перспективалары
ҚР өңірлері арасындағы білім беру саласының ең үздік көрсеткіштер — Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында. Ең нашар көрсеткіштер — Қызылорда және Қарағанды облыстарында. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Өңірлік зерттеулер орталығының (ӨЗО) сарапшылары жергілікті атқарушы органдар ұсынған деректер бойынша Қазақстан ауылдарының білім беру объектілерімен қамтамасыз етілуіне (2020 жылға) бағалау жүргізді. ӨЗО мамандары білім беру қызметтері кез-келген мемлекет халқының негізгі қажеттілігі екенін атап өтті. Көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігінің маңызды шарты осы сала инфрақұрылымының жай-күйі болып табылады. Соңғы уақытта Қазақстанда, әсіресе қалаларда да, ауылдық жерлерде де инфрақұрылымдық проблемаларды шешуде көп нәрсеге қол жеткізілді. Алайда кейбір инфрақұрылымдық проблемалар әлі де сақталуда: мысалы, бейімделген үй-жайларда орналасқан мектептердің болуы (ауылдардың 17,6% - ында) немесе авариялық жағдайда тұрған мектептердің болуы (ауылдардың 0,43% - ында). Орталық сарапшылары анықтаған ауылдық жерлердегі мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы проблемалар мен үрдістер 1, 2-кестелер түрінде ұсынылған. 1-кесте. Қазақстан ауылдарындағы мектепке дейінгі және орта білім беру проблемаларын өңірлік бөліністе детерминациялау Мынадай проблемалары бар өңірлер анықталды: А) Халық санының, оның ішінде балалар санының азаюына байланысты білім беру қызметтеріне сұраныстың төмендеу қаупі -ҚР 11 өңірінде (барлық өңірлердің 78,6%-ы): Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарында.
Б) Білім беру объектілері бар ауылдық елді мекендер (АЕМ) үлестік санының төмендеуі салдарынан мектепке дейінгі және орта білім беру объектілерімен қамтылу деңгейінің төмендеуі қаупі — он өңірде (барлық өңірлердің 71,4%-ы: Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары. В) Балаларды тасымалдау жүзеге асырылмайтын АЕМ-нің өсуіне байланысты білім беру объектілерінің қолжетімділігі проблемасы. Қазіргі уақытта мұндай проблема бес өңірде (барлық өңірлердің 3,6%-ы)бар : Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары. Бұл проблема балалардың мектептері бар АЕМ-де туыстарында немесе интернаттарда тұру есебінен шешіледі. Г) Авариялық объектілері бар немесе күрделі жөндеусіз объектілері бар АЕМ-нің өсуіне байланысты инфрақұрылымдық проблемаларҚарағанды облысында шоғырланған. Басқа өңірлерде бұл проблемалар болса да, оларда төмендеу үрдісі байқалады.
2-кестеде білім беру саласындағы анықталған үрдістер бойынша өңірлердің жіктемесі берілген. 2-кесте. Өңірлердің 2018-2020 жылдары ауылдық жерлерде мектепке дейінгі және орта білім беру саласында анықталған үрдістер бойынша жіктемесі Сарапшылар өңірлердің төрт тобын анықтады:
1. ҚР өңірлері арасындағы білім беру саласының ең үздік көрсеткіштері — Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында. Алайда, Жамбыл облысында оқушы орындарының санын бағалау орта мектептерде орын тапшылығын көрсетті. Батыс Қазақстан облысында халық пен балалар санының азаюына байланысты сұраныстың төмендеу қаупі бар. 2. Білім беру объектілерінің қолжетімділігіне және инфрақұрылымның жай-күйіне байланысты оң үрдістер байқалады, бірақАқмола, Алматы , Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары сияқты өңірлерде халық пен балалар санының азаюына байланысты қызметтерге сұраныстың төмендеу тәуекелі бар. 3. Білім беру объектілерінің қолжетімділігімен байланысты проблемалар, көрсетілетін қызметтерге сұраныстың артуы кезінде — Маңғыстау және Түркістан облыстарында, бірақ жоғарыда айтылғандай, бұл проблема балаларының мектептері бар АЕМ-де тұруы немесе интернаттарда тұруы есебінен шешіледі. 4. ҚР өңірлері арасындағы білім беру саласының ең нашар көрсеткіштері-Қызылорда және Қарағанды облыстарында. Осы өңірлердің АЕМ-де халық пен балалар саны азаяды, білім беру объектілері бар АЕМ-нің үлес салмағы төмендейді. Қарағанды облысында авариялық жағдайдағы объектілері бар АЕМ саны сақталуда, тасымалдау жүзеге асырылмайтын АЕМ саны өсуде. "Білім беру саласындағы жағдайды жақсартуда және инфрақұрылымдық проблемаларды шешуде мемлекет тиісті жоспарлар мен жобаларды іске асыру арқылы басты рөл атқарады", — деп атап өтті орталық мамандары.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында сапалы білім беру инфрақұрылымының тапшылығынан қазіргі заманғы санитариялық нормаларға, қауіпсіздікке, жарақтандыру стандарттарына сәйкес келетін объектілермен толық қамтамасыз етуге көшу көзделеді.
"Бұл білім беру нысандарын салумен, материалдық-техникалық базаны айтарлықтай жақсартумен, кабинеттерді, асханаларды, акт және спорт залдарын жарақтандыруды жетілдірумен, интернетке қолжетімділіктің өсуін қамтамасыз етумен және басқа да шаралармен байланысты жобаларды белсенді іске асыруды білдіреді", — деп қорытындылады ERI ӨЗО сарапшылары.
Қарау саны: 5510 |
|
|