ОА елдерінде ТДМ іске асыру жөніндегі іс-шаралар
11.07.2021
Орталық Азия елдері өңірде Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша шолу дайындайды Орталық Азияда алғаш рет ТДМ бойынша іс-шара БҰҰ-2021 Жоғары деңгейдегі саяси форумы аясында өтті Орталық Азия елдері өңірде Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру бойынша шолу дайындайды, бұл туралы «SDG implementation in Central Asia with a focus on SDG 16+ and 17 from CSO perspective" іс-шарасында белгілі болды. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылықтың (ТДМХ) қызметкерлері азаматтық қоғам тұрғысынан ТДМ 16 ("Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар) және ТДМ 17 ("Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік") назар аудара отырып, Орталық Азияда ТДМ іске асыру тақырыбына арналған талқылауға қатысты. Іс-шара ағымдағы жылдың 9 шілдесінде өтті. Ұйымдастырушылар-Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігі және "АРГО" азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы. Орталық Азия тарихында алғаш рет іс–шара БҰҰ-2021 Жоғары деңгейдегі саяси форумы аясында өткізілді.
Спикерлер ретінде сөз сөйлегендер:
Спикерлер өз сөздерінде өңір елдеріндегі "Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар" 16 ТДМ және "Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік" 17 ТДМ ағымдағы жай-күйін және ұсынылатын елдерде қаралатын ТДМ іске асыруға тиімді қол жеткізу үшін пысықталуы қажет мәселелерді атап өтті. Атап айтқанда, қатысушылар жеке сектордың тұрақты дамуға ықпал ету аспектілерін, жүргізіліп жатқан шаралар мен елдердің Тұрақты дамудың жаһандық индексіндегі ұстанымдарының өзара байланысын, азаматтық қоғам әзірлеген Ерікті ұлттық шолудың баламалы нұсқасын әзірлеуді және өзге де мәселелерді талқылады. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық қорлардың өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
Сондай-ақ мынаны оқыңыз: ҚР Премьер-Министрінің ERI-ді ТДМ жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығы ретінде бекіту туралы өкімі
Қарау саны: 5329 |
|
|