ERI-дің "Ақтөбе" ӘКК-мен ынтымақтастығы
12.07.2021
ERI "Ақтөбе" ӘКК-мен өзара түсіністік және серіктестік туралы Меморандум жасасты Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) мен "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) арасында өзара түсіністік пен серіктестік туралы меморандум жасалды. Кездесу барысында ERI Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуетінің таныстырылымымен танысты. "Ақтөбе" ӘКК" АҚ Басқарма төрағасы Тілеужан Тілешовпен өңірде инвестициялар тарту және инновациялар енгізу үшін қолайлы іскерлік орта құру бойынша бірлескен ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Екі тарап шетелдік және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін инвестициялар іздеу жөніндегі жұмысты күшейтуді жоспарлады. Келісім аясында:
_____
ERI ғылыми ортада (республикада да, шетелде де), мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік құрылымдарда серіктестердің кең желісін белсенді дамытуда. 2021 жылғы 11 ақпанда ERI Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік және еңбекақы төлеу жүйесін жаңғырту жөніндегі "YNTYMAQ" үйлестіру кеңесімен өзара түсіністік және әріптестік туралы Меморандумға қол қойды. ERI сондай-ақ халықаралық зерттеу қызметінің түрлі бағыттары бойынша белсенді ынтымақтастық жасайды.
Сондай-ақ мынаны оқыңыз: "YNTYMAQ" кеңесімен өзара түсіністік және серіктестік туралы Меморандумға қол қою
Қарау саны: 5353 |
|
|