Abai.kz ақпараттық порталы ERI орталығының директорынан ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы сұхбат алды
Сарапшы басылымға Қазақстанның сайлау заңнамасындағы өзгерістер және ауыл әкімдерін тікелей сайлау өңірлердің дамуына қалай әсер ететіні туралы айтып берді.
Бүгін, 14 шілдеде, Abai.kz ақпараттық порталы "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) орталығының директоры Қайсар Нығметовпен сұхбатын жариялады.
Сұхбат мәтінінің кіріспе бөлігін келтіреміз:
«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Өңірлік зерттеулер орталығының директоры Қайсар Нығметов ауыл әкімдерін тікелей сайлауды қарастыратын Қазақстанның сайлау заңнамасына енгізілетін өзгерістер өңірлердің дамуына қалай әсер ететінін айтып берді.
Өз сұхбатында ол аталған жергілікті өзін-өзі басқару реформасының экономикалық тиімділігі және ауыл әкімдерін тікелей сайлаудың артықшылықтары туралы сұрақтарға жауап берді. Нығметов мырза ауылдық аумақтар мен аудандық маңызы бар қалалардың басшыларын тікелей сайлаудың, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың оң халықаралық тәжірибесі туралы айтып берді.
Ағымдағы жылдың мамыр айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңға толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Аталған жергілікті өзін-өзі басқару реформасының экономикалық тиімділігі бірінші кезекте бірқатар салықтар мен төлемдерден түсетін түсімдерді беру есебінен ауылдық округтер деңгейінде экономикалық базаны қамтамасыз етуге байланысты болады».
Сұхбаттың толық нұсқасын басылым сайтынан сілтеме бойынша оқыңыз