ERI ауылдардың әлеуметтік және инженерлік
19.07.2021
Қазақстан ауылдарында әлеуметтік және инженерлік нысандармен қамтамасыз ету артып келеді Ең жоғары көрсеткіштер электрмен және жолдармен қамтамасыз етуде байқалады "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) орталығы ел ауылдарының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етілуіне бағалау жүргізді. ERI сарапшылары салалар бойынша саралауды және өңірлер бойынша матрицалық бағалауды жүзеге асырды. Талдау негізіне жергілікті атқарушы органдар ұсынған 2020 жылғы деректер алынды. "Әлеуметтік және инженерлік нысандармен қамтамасыз етудің артуы халықтың өмір сүру сапасының жақсарғанынкөрсетеді", — дейді сарапшылар. Бұл бағытта мемлекет деңгейінде жоспарлы белсенді жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, әртүрлі инфрақұрылым түрлерін жаңғыртуға және нәтижесінде ауылдық жерлерде тұру жайлылығын арттыруға мүмкіндік беретін "Ауыл – Ел бесігі" жобасы іске асырылуда. Талдау нәтижелері бойынша ауылдық елді мекендердің инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша салалар бөлінісінде саралау анықталды (1-сурет). Ауылдардың ең көп қамтамасыз етілуі электрмен жабдықтау және жолдар салаларында байқалады (98,0% - дан астам).
1-сурет-2020 жылы салалар бойынша инфрақұрылым объектілері бар АЕМ үлесі, % Білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы объектілер бойынша салыстырмалы түрде жоғары қамтамасыз етілу байқалады (73,4% және сәйкесінше 81,3%). Алайда, осы объектілерді материалдық-техникалық жарақтандыру проблемалары бұрынғысынша өзекті болып қалуда. Ауылдық елді мекендердің үштен бірі орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне және сапалы ауыз суға қол жеткізе алмайды. Шамамен осындай мөлшердегі елді мекендердің мәдениет және спорт салаларында қызмет көрсететін объектілері және интернетке қолжетімділігі жоқ.
Су бұру және сарқынды суларды тазарту инфрақұрылымы қамтамасыз етілудің ең төмен көрсеткішімен сипатталады (10% - дан аспайды). Өңірлік бөліністе әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету нәтижелерін матрица түрінде ұсынуға болады (1-кесте).
1-кесте-АЕМ-нің 2020 жылы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша өңірлер позицияларының матрицасы Кестеден көрініп тұрғандай, бірде-бір өңір инфрақұрылымның талданған түрлері бойынша жоғары позицияға ие емес. Облыстардың (немесе алты өңірдің) іс жүзінде 43% - ында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның жекелеген салалары бойынша проблемалар бар (орташа позиция). Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында салыстырмалы түрде төмен позиция байқалады. Сарапшылар электрмен жабдықтау, жолдар, денсаулық сақтау, білім беру және ауылдық елді мекендерді (АЕМ) осы салалардағы объектілермен 100% - ға дейін қамтамасыз ету салаларындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жалғастыруды ұсынды.
Мәдениет, спорт салаларында және интернетке қол жеткізу мәселелерінде жобалар инфрақұрылымдарын әзірлеу және іске асыру арқылы объектілермен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажет.
Ауыл халқының суға және санитарияға қол жетімділігіне байланысты проблемалар ерекше өзектілікке ие. Бұл салада ғылыми зерттеулер, осы саланы басқарудағы реформалар және басқа да шаралар қажет, деп қорытындылады ERI сарапшылары.
Сондай-ақ мынаны оқыңыз: ERI ӨЗО сарапшылары "Ауыл-Ел бесігі" жобасының іске асырылу барысы туралы
Қарау саны: 5334 |
|
|