ШЫҰ экономикалық талдау орталықтарының консорциумы

15.07.2021

ШЫҰ экономикалық талдау орталықтары консорциумының мүшелері ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады 

Бірлескен экономикалық зерттеулер мен ұсынымдарды әзірлеу мәселелері қаралды

 

         Бүгін, 15 шілдеде, Экономикалық зерттеулер институтының алаңында бейнеконференция режимінде құрамына ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сегіз ғылыми-зерттеу институты кіретін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Экономикалық талдау орталықтары консорциумы мүшелерінің кездесуі өтті.

Анықтамалық: Консорциум ШЫҰ шеңберінде экономикалық өзара іс-қимылдың басым бағыттары бойынша талдау жүргізу және ұсынымдар әзірлеу үшін құрылған консультациялық-сараптама алаңы болып табылады.  ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары (Премьер-Министрлері) Кеңесінің 2019 жылғы 2 қарашадағы № "120" шешімімен ШЫҰ Экономикалық талдау орталықтары консорциумының регламенті бекітілді.

Ағымдағы жылы ШЫҰ КонсорциумынаҚазақстан Республикасы тарапынан консорциумның мүшесі болып айқындалған Экономикалық зерттеулер институты төрағалық етеді.

Жұмыс кездесуі аясында сарапшылар одан әрі ынтымақтастық, экономиканың түрлі салалары бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу, сондай-ақ ұсынымдар әзірлеу мәселелерін талқылады.

Іс-шараға Өңірлік сауда орталығының (Үндістан), Қырғыз Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Экономикалық саясатты зерттеу институтының, ҚХР Коммерция министрлігінің Халықаралық сауда және экономикалық ынтымақтастық институтының, Пәкістан Сауда және даму институтының (PITAD), Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясының (ВАВТ), Тәжікстан Ұлттық Ғылым академиясының Экономика және демография институтының, Өзбекстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының өкілдері қатысты.

2020 жылғы тамызда ШЫҰ консорциумының бірінші отырысы шеңберінде экономикалық ынтымақтастықтың түрлі векторлары бойынша зерттеулердің бағыттары айқындалды, оларды аяқтау қорытындысы бойынша консорциум мүшелерінің бірлескен жарияланымы жоспарланған.

ШЫҰ Экономикалық талдау орталықтары консорциумының екінші отырысы ағымдағы жылдың қыркүйек айында жоспарланып отыр. Онда қызметтің қорытындылары шығарылып, жаңа міндеттер әзірленетін болады.

 

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына Ресей, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан кіреді.

ШЫҰ-ға қатысушы елдердің, байқаушылар мен диалог бойынша серіктестердің жалпы саны үш млрд адамнан асады (әлем халқының 45% - ға жуығы).




Сондай-ақ мынаны оқыңыз: Қазақстан мен ШЫҰ елдері арасындағы тауар айналымы жыл басынан бері 14 млрд доллардан асты

 




 



Қарау саны: 5420
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!