National Economy: Monitor (025)
27.07.2021
Экономикалық зерттеулер институтының "National Economy: Monitor" апта сайынғы талдамалық электрондық журналының 25-ші шығарылымы шықты (2021 жылғы 19 — 25 шілде ). Осы аптада дайджестте:
- UST кірістілігі төмендейді. - ЕО-да құрылыс жұмыстарының көлемі өсуде. - Қытай экспорты өсуде. - Ресей Банкі негізгі мөлшерлемені 100 б.т. (базистік тармаққа) арттырды. (Көбірек жаңалық "Елдер" айдарында).
Еуроодақ:
"ЕОБ басшысының сөйлеген сөзі реттеушінің dovish-көңіл-күйін тағы да растады: төмен мөлшерлемелер ұзаққа сақталады, активтерді сатып алу бағдарламасы расталды, ал реттеуші инфляцияны бұрынғысынша уақытша құбылыс ретінде қарастырады". (ред. ескертп. dove ("көгершін") ақша-кредит саясатында ставкаларды төмендетуді және ақша-кредит саясатын жеңілдетуді жақтайды). ставкаларды төмендету және ақша-кредит саясатын жеңілдету) Ресей:
"Тұтынушыға берілетін байқалатын шығындар инфляциясы инфляциялық күтулердің өсуіне ықпал ете отырып, инфляцияны жеделдетеді. Бұл қыркүйек айындағы алдағы отырыста Ресей ОБ-ның негізгі мөлшерлемені арттыруына алып келеді".
"Ұзақ қараңғы кезеңнен кейін Еуропалық индекстер мен АҚШ индекстері өсу серпінімен сипатталады. Сарапшылардың таңқаларлығы, Сovid-19 жағдайы қор индекстеріне қатты әсер еткен жоқ".
- АҚШ: UST кірістілігі және жұмыссыздық бойынша жәрдемақы туралы өтініштер. - Еуроодақ: құрылыс жұмыстарының көлемі және мемлекеттік қарыздың Еуроаймақтағы ЖІӨ-ге қатынасы. - Қытай: несиелер бойынша негізгі мөлшерлеме, қағаз саласының пайдасы, автомобиль экспортының көрсеткіштері және қосымша білім беру секторының жағдайы. - Ресей: депозиттік мөлшерлемелердің өсу қарқыны, тұтынушылық кредиттеу, өнеркәсіпті қалпына келтіру қарқыны және ОБ-ның негізгі мөлшерлемесінің артуы. Жедел ақпарат, әлемдік нарықтардың соңғы мәліметтері, макроэкономикалық болжамдар және ERI сарапшыларының пікірлері — экономика әлемінен ең маңызды, өзекті және қызықты жаңалықтар. National Economy: Monitor (025) оқыңыз "National Economy" талдамалық электрондық журналы 2021 жылдан бастап шектеулі пайдалану үшін екі форматта шығарылады: - апта сайын ‘’National Economy: Monitor’’, — ай сайын - "National Economy Report". Талдамалық дайджесттер Қазақстандағы және шетелдегі өзекті экономикалық проблемаларға арналған. National Economy: Monitor бөлімдері:
Сондай-ақ мынаны оқыңыз: National Economy: Monitor 024 National Economy: Monitor 023 National Economy: Monitor-дың барлық басылымдары
Қарау саны: 5341 |
|
|