Қосшыны қала мәртебесінде дамыту перспективалары

04.08.2021

Қосшының әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа мәртебе қалай әсер етеді?

Қалада бюджетті қаржыландыру көлемі артып, инфрақұрылым жақсарады, деп есептейді ERI сарапшысы

 

26 шілдеден бастап Президент Жарлығымен Қосшы облыстық маңызы бар қалаға айналды. 

Жаңа мәртебемен Қосшыда бюджетті қаржыландыру көлемі айтарлықтай артады, деп атап өтті ERI сарапшысы Нұрболат Құрметұлы.


"Қаланың өз мемлекеттік құрылымдары пайда болады: мәслихат, қоғамдық кеңес, салық және күш мекемелері және т.б. Бұл тұрғындарға көптеген мемлекеттік қызметтерді Қосшының өзінде алуға мүмкіндік береді. Тиісінше, шағын және орта кәсіпкерлік дамитын болады", - деп есептейді сарапшы. 

Оның айтуынша, жеке бюджет қаланың ең өткір проблемаларын шешуге мүмкіндікбереді: жолдарды салу және жөндеу, инженерлік желілерді қайта жаңарту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру, көшелерді жарықтандыру; әлеуметтік нысандарға қолжетімділік жақсарады.

Қосшының инфрақұрылымдық дамуы астанамен көліктік байланысқа ықпал етеді және Қосшының серіктес қала ретінде дамуына жағдай жасайды. 

Өзгерістер қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыратыны маңызды, бұл оның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды, деп атап өтті Нұрболат Құрметұлы.

ERI сарапшысы Қосшыда әкімшілік-аумақтық өзгерістер қалай және немен байланысты болғанын айтып берді.

Ауылдың мәртебесін өзгерту туралы мәселе баяғыда пісіп-жетілді. Елордаға жақындық және тұрғын үй бағасының төмендігі елді мекен халқының өсуінің негізгі себептері болды.

Ресми емес деректер бойынша, ресми тіркеуі жоқ тұрғындарды есепке алғанда, бұрынғы ауыл халқының саны 50 мыңнан астам адамды құрайды, бұл "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" ҚР Заңының 3-бабына сәйкес "облыстық маңызы бар қала" мәртебесіне сәйкес келеді.

Қосшы халқының қарқынды өсуі біртіндеп инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымға жүктеме бере бастады. Елді мекеннің негізгі проблемалары: жолдардың нашар болуы, су сапасының төмендігі және абаттандырудың әлсіз деңгейі. Желідегі жүктеме электр, жылумен және сумен жабдықтаудың жиі үзілуіне әкелді.

"Елді мекен бұдан әрі ауыл ретінде дами алмады және оның проблемалық мәселелерін кешенді шешу қажеттілігі Қосшы мәртебесінің облыстық маңызы бар қалаға өзгеруіне негіз болды", — деп түсіндірді ERI сарапшысы Нұрболат Құрметұлы.


______

 26 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев "Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Жарлыққа қол қойды (2021 жылғы 26 шілдедегі №629).

Мемлекет басшысы қаулы етті:

  • Ақмола облысының Целиноград ауданы одан Қосшы селосын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын;
  • Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын. 


 

Сондай-ақ мынаны оқыңыз: Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында Ақмола облысының даму басымдықтарын белгіледі 

 


Басты беттегі фотосуреттің дереккөзі: Tengrinews.kz




Қарау саны: 5387
Сақталған: 04.08.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!