Ақмола облысы
04.08.2021
"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ орталығының облыстар бойынша "Ауыл — Ел бесігі" жобасы бойынша ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды жаңғырту қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырудамыз. Сарапшылар жобаның 2019-2020 жылдардағы нәтижелері мен ағымдағы жылға арналған жоспарларын ұсынады. Ақмола облысында "Ауыл — Ел бесігі" жобасы бойынша инфрақұрылымды жаңғырту2021 жылы Ақмола облысында инфрақұрылымды жаңғырту бойынша 77 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда Жобалар адам саны 67 мыңнан асатын 27 ауылдық елді мекенді қамтиды
Биыл Ақмола облысында "Ауыл – Ел бесігі" жобасы аясында инфрақұрылымды жаңғырту бойынша 77 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, деп хабарлады "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) сарапшылары.
Жобалар саны 67 100 адамнан асатын 27 ауылдық елді мекенді (АЕМ) қамтиды (даму әлеуеті бар АЕМ халқының жалпы санының 17,1% — ы-18 тірек ауыл, 9 серік).
ERI зерттеушілері сондай — ақ облыста екі жыл ішінде (2019-2020) "Ауыл – Ел бесігі" жобасының нәтижелерін ұсынды: барлығы 15 елді мекенде 71 жобаны (2019 жылы – 30 жоба, 2020 жылы – 41) іске асырды (2019 жылы – 3 АЕМ, 2020 жылы-12 АЕМ). Облыста әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға 11 жаңа құрылыс және 60 нысанды жөндеу есебінен қол жеткізілді. 83 км жолдар мен көшелер салынып, абаттандырылды, 48 км сумен жабдықтау желілері салынды және реконструкцияланды.
Жобалардың басты мақсаты — инфрақұрылымның әртүрлі түрлерін жақсарту және жаңғырту болғанына қарамастан, оларды іске асыру жұмыспен қамтуға да өз үлесін қосты: екі жыл ішінде 888 жаңа жұмыс орны құрылды (48 тұрақты).
Орталық сарапшыларының хабарламасы бойынша Ақмола облысында "Ауыл – Ел бесігі" жобасын іске асыру шеңберінде облыстың 602 АЕМ-нен даму әлеуеті бар 299 (49,7%) (109 ауылдық кластер[1]) іріктелді. Осы АЕМ халқының саны – 353 463 адам (тірек АЕМ – де-253 389 адам, серік АЕМ-де-100 074 адам (1-сурет). 1-сурет - Тірек және серік АЕМ саны және халық саны Ауылдық жерлерде халықтың өмір сүру сапасын арттыру елдің өңірлік саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанда ауыл халқының әл-ауқатын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. "Аталған жұмыстың негізгі құралы ауылдық аумақтарды дамытуға оң әсер ететін "Ауыл – Ел бесігі" жобасын іске асыру болып табылады. Жоба әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті жақсартуға, жайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған", — деп атап өтті орталық мамандары. "Ақмола облысында "Ауыл – Ел бесігі" жобасын іске асыру ауылдық жерлерде тұру жайлылығын арттыруға үлкен үлесқосады", — деп қорытындылады ERI сарапшылары.
______ Ауыл тұрғындарының әл – ауқатын жақсарту үшін 2019 жылғы 27 ақпанда "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Ауыл-Ел бесігі" жобасын іскеасыруды бастады . "Ауыл – Ел бесігі" жобасын іске асыру үшін 6 322 ауылдық елді мекеннің (оның ішінде – 1 173 тірек және 2 388 серік) 3 561-і іріктелді, халық саны 6,6 млн адам (2019 жылдың басында) немесе елдің барлық ауыл халқының 86%- ы .
Сондай-ақ мынаны оқыңыз: ERI ӨЗО сарапшылары "Ауыл-Ел бесігі" жобасының іске асырылу барысы туралы ERI сарапшылары СҚО-да инфрақұрылымды жаңғырту туралы [1] Ауылдық кластер-шамамен 10-15 км қашықтықтағы тірек ауыл мен оның айналасындағы ауылдардың жиынтығы.
Қарау саны: 5314 |
|
|