Қазақстанның климаттық болашағы

10.08.2021

Қазақстан климаттың өзгеруінен қатты зардап шегеді: елдің агросекторындағы "су күйзелісінің" деңгейі — 80% - дан астам (Дүниежүзілік банктің болжамы)

Қазақстанға климаттық өзгерістерге қарсы күресте елдің ресурс үнемдейтін технологиялар мен тұрақты дамуға көшуі бойынша жұмыс жүргізу қажет, деп есептейді ERI сарапшысы.

Орталық Азия (оның ішінде Қазақстан да) климаттың өзгеруіне ерекше ұшырайды, бұл жауын-шашынның төмен деңгейімен, қуаңдықпен, ауа райының күрт ауытқуымен және ресурстардың біркелкі бөлінбеуімен сипатталатын онсыз да күрделі жағдайды ушықтырады, деп атап өтті "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) сарапшысы Ерлан Кәрімов. 

Дүниежүзілік банктің болжамдары бойынша ауыл шаруашылығы секторындағы "су күйзелісі" деңгейі бойынша Қазақстан климаттың өзгеруінен қатты зардап шегеді: елдің агросекторындағы "су күйзелісі" деңгейі 80% - дан астамды құрайды.

Қазақстанда климаттың өзгеруіне байланысты орташа жылдық температура көтеріліп, жауын-шашынның жалпы саны азаяды деп күтілуде. Температураның жоғарылауына байланысты топырақтан булану күшейеді, бұл өсімдіктер үшін судың қол жетімділігін және жер асты суларының деңгейін төмендетеді, бұл өз кезегінде елдегі құрғақшылық қаупін арттырады.

Температураның жоғарылауы гидрологиялық жағдайға да әсер етеді: жылы ауа көбірек су буын ұстап тұра алады, бұл нөсердің көбеюіне және су тасқыны қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Қазақстан елдің ресурс үнемдейтін технологияларға және орнықты дамуға көшуі бойынша жұмыс жүргізуі қажет (мысалы, гидрогель, мульчирование және ауыл шаруашылығындағы тамшылатып суару сияқты су үнемдеу технологиялары), деп тұжырымдайды Ерлан Кәрімов.

Ол Қазақстан аграршылары жаңа ирригациялық жүйелерді игере бастағанынатап өтті. Мәселен, тек Жамбыл облысында 23 мың га тамшылатып суарумен қамтылған.

Сарапшы БҰҰ-ның қоршаған орта бойынша бағдарламасымен (ЮНЕП) бекітілген Климаттың өзгеруі бойынша үкіметаралық сарапшылар тобының (КӨҮСТ) "Климаттың өзгеруі 2021: Физика ғылымының негіздері" (Climate Change 2021: The Physical Science Basis) атты жақын уақытта жасалған баяндамасында адами әсерді қоса алғанда, климаттың ағымдағы жай-күйіне қысқаша мазмұндама және біздің Жеріміздің климаттық болашығының ықтимал сценарийі жасалғаны туралы хабарлайды.

Соңғы онжылдықтарда жаһандық сипаттағы климаттың айтарлықтай өзгеруі орын алуда. Климаттың өзгеруі әлем халқының қарқынды өсуі, электр энергиясы мен азық-түлікке сұраныстың артуы, су ресурстарының азаюы, жер топырағының сарқылуы және урбанизацияның дамуы аясында орын алады.

Су тасқыны, өрт, төтенше жылу, аштықпен байланысты әлемде болып жатқан оқиғалар әлемдік қоғамдастық үшін экономиканың неғұрлым тұрақты дамуға кідіріссіз көшуі үшін ең сенімді дабыл сигналы болып табылады.

Баяндамада адамзаттың климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі жалғыз мүмкіндігі – жаһандық жылынуды 1,5°C-тан аспайтын деңгейде ұстап тұру және планетарлық апаттың алдын алу (аштық, көші-қон, кедейлік және теңсіздік). Егер парниктік газдардың ғаламдық шығарындылары ағындық қарқынмен өсуді жалғастырса, келесі онжылдықта ол 1,5°c шегінен асып кетуі мүмкін.

Сонымен, соңғы 30 жыл ішінде климатқа байланысты табиғи апаттар саны үш есе өсті. БҰҰ 2000 жылдан бастап құрғақшылық , су тасқыны және орман өрттерінен 1,23 миллион адам қайтыс болып, 4,2 миллиард адам зардапшекті деп есептейді.  

"КӨҮСТ баяндамасы әлем елдерінің үкіметтерін бірлесіп әрекет етуге және әлемдегі температураны қолайлы шектерде ұстап тұру үшін неғұрлым тұрақты және жаһандық экономика құруға итермелеуі тиіс", — деп қосты ERI сарапшысы Ерлан Кәрімов.


Сондай-ақ мынаны оқыңыз: Бюджеттің климаттық таңбалануы: елдер тәжірибесі және Қазақстан үшін мүмкіндіктер 

 



Қарау саны: 5392
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!