Қазақстанның қор нарығы
12.08.2021
Қазақстан "дамушы нарықтар" клубына қалай кіре алады? Біздің economy.kz сайтында "Пікір" айдарында Қазақстанның қор нарығы туралы сараптамалық мақала шықты. Мәтін авторы "Қазақстандық Миноритарлық Акционерлер Қауымдастығы" (QAMS) коммерциялық емес ұйымының атқарушы директоры Данияр Темірбаев Қазақстанға қор нарығы не үшін қажет екенін, қазіргі уақытта елдегі бағалы қағаздар нарығы (БҚН) қалай дамып жатқанын және "бір саты жоғары" көтерілуге және нарықтың өтімділігін қалай арттыруға болатынын талдайды. Бұған дейін мақала National Economy Report журналында жарияланған болатын. Қазақстан қаржы секторын дамытуда әуел бастан банктік қаржыландыру басым болатын континенталды Еуропа моделін таңдады, дейді сарапшы. Оның айтуынша, қазақстандық бизнеске қор нарығы мынадай себептер бойынша қажет:
Данияр Темірбаев еліміздегі қор нарығының ағымдағы дамуы туралы айтып берді. Қазақстан әлемнің биржалық картасында шағын, аз өтімді және әлемдік экономикаға шектеулі интеграцияланған фронтирлі (шекаралық) нарықтар тобында орналасқан. Жергілікті нарықтың халықаралық нарықтармен байланысы квазимемлекеттік сектордың борыштық қағаздарының сирек шығарылымдары, қазақстандық эмитенттердің Лондондағы аса сирек IPO, сондай-ақ қазақстандық азаматтардың америкалық компаниялардың акцияларына инвестициялары арқылы білінеді.
Қазақстанның қор нарығын дамытудағы табыстың жоғарыда аталған қажетті құрамдас бөліктері QAMS зерттеуі шеңберінде неғұрлым елеулі, бірақ толық емес болып табылады, — деп қорытындылады сарапшы Данияр Темірбаев.
Қазақстан "дамушы нарықтар" клубына қалай кіре алады? мақаласының толық нұсқасын оқу
Қарау саны: 5504 |
|
|