Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі отырысы
10.08.2020
6 тамызда Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық топтың отырысы өтті. Іс-шараны Экономикалық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды. Талқылауға ҚР БҒМ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Экономикалық зерттеулер институты, Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығы, Жеке білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығы, Cалалық қауымдастықтар мен кәсіптік білім беру ұйымдары одағының өкілдері және Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық топ мүшелері қатысты. Жиналыс барысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын (бұдан әрі – МБҰ) лицензиялау мәселесіне, сондай - ақ рұқсат беру рәсімі түрінде білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізуге баса назар аударылды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау Қазіргі уақытта сарапшылардың назары мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға бағытталған, осыған байланысты МБҰ ұйымдарын қызметтің лицензиялық түріне көшіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазір бұл мекемелер қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама негізінде жұмыс істейтінін атап кеткен жөн. Сарапшылардың пікірінше, заңды тіркеудің бұл түрінің артықшылықтары бар. Үздіксіз білім беру қауымдастығының өкілі Лейла Куленова хабарлама тәртібі мектепке дейінгі білім беру саласында қызмет көрсету нарығының дамуына мүмкіндік бергенін (бүгінгі таңда бұл қызметтерге қажеттіліктің 70% - на дейін жеке МБҰ жабылады) атап өтті. Сонымен қатар, хабарлама тәртібі кезінде, лицензиялау кезіндегі сияқты, қызмет субъектісі өз қызметін бастау үшін ұстауны керек біліктілік талаптарының барлық жиынтығы сақталады. Сарапшылардың пікірінше, лицензиялауды енгізу мектепке дейінгі білім беру құрылымдарының педагогикалық қызметкерлерінің өз міндеттерін сапалы орындауына кепілдік бермейді, өйткені мұғалімдердің біліктілігі бойынша талаптарды сақтаған жағдайда да олардың жосықсыз жұмыс істеу қаупі бар. Осылайша, күн тәртібіндегі бірінші мәселені талқылау қорытындысы бойынша сарапшылар лицензиялау арқылы министрлік жариялаған мақсатқа қол жеткізілмейді деген пікірге келді - МБҰ-да білім беру саласындағы заңнама нормаларын сақтауды көздейтін ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес балаларды тәрбиелеу мен оқытудың сапалы жағдайларының болуын қамтамасыз ету. Сапалы қызмет көрсетуді одан әрі жақсарту мақсатында ҚР БҒМ меншіктің барлық нысанындағы МБҰ қызметкерлерінің біліктілікті арттыру курстарынан өтуге тең қол жеткізуін, сондай-ақ жеке және мемлекеттік МБҰ үшін педагог мәртебесін беруді қамтамасыз ету ұсынылады, бұл осы салада қызмет көрсету сапасын жақсартуға айтарлықтай әсер етеді. Білім беру ұйымдарын рұқсат беру рәсімі түрінде мемлекеттік аттестаттаудан өткізу Білім беру ұйымдарына рұқсат беру рәсімі түрінде мемлекеттік аттестаттау өткізу білім беру жүйесінде екі рұқсат беру құжаты әрекет ететінін атап кеткен жөн, олардың біріншісі туралы жоғарыда айтылған. Екінші нормативтің өзектілігіне қатысты даулы пікірлер туындайды. Атап айтқанда, бизнес-қоғамдастық өкілдері білім беру ұйымдарын аттестаттауға қарсы. Отырыс барысында ҚР БҒМ өкілі Ғалым Арғынғазин берілген ұсынысқа барлық мүдделі тараптардың жан-жақты талқылауы арқылы өзге баламаларды пайдалану мүмкіндігі туралы пікірін білдірді. Осы мәселенің өзектілігін ескере отырып, сараптамалық топ мүшелері осы жұмысты күшейтіп, білім беру жүйесінің билігіндегі мемлекеттік реттегіш құралдарды (мемлекеттік бақылау, рұқсаттар, ақпараттық құралдар) пайдалану бойынша келісілген позицияны әзірлеу ұсынылады. Ол үшін ҚР БҒМ жанынан нарық субъектілерінің, салалық қауымдастықтардың, әлеуметтік ҮЕҰ, басқа да мемлекеттік органдар мен тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен арнайы Жұмыс тобын құру ұсынылады.
Қарау саны: 6061 |
|
|