Кеңес қалай жұмыс істейді

25.08.2021

Кеңес-ауылдық өкілетті орган қалай жұмыс істейді

Қайсар Нығметов: Кеңесті құру азаматтарға барынша жақын өзін-өзі басқару деңгейін құруда негіз болады.

 

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Орталығының директоры Қайсар Нығметов "Kazinform" ХАА-ға "Кеңес" ауылдық өкілетті органы туралы айтып берді.

 

Атап айтқанда, ERI сарапшысы жергілікті ауылдық қоғамдастық жиналысын Кеңес етіп қайта құру жоспарланған кезде оның құрамы неге байланысты болатынын, ауылдық өкілді орган мүшелерінің қалай сайланатынын және оның өкілеттігіне не кіретінін хабарлады.

 

 

 

"Kazinform" ХАА сайтынан материалдың толық мәтінін  жариялаймыз (бастапқы орфография мен пунктуацияны сақтай отырып)

 

 

Кеңес-ауылдық өкілетті орган қалай жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ - "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Өңірлік зерттеулер орталығының директоры Қайсар Нығметов ауылдық өзін – өзі басқарудың өкілетті органдары-кеңестердің жұмыс механизмі туралы айтып берді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

"Өткен аптада Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. 2024 жылдан бастап ауылдық округтерде жергілікті қоғамдастық жиналыстары өкілетті орган – кеңес болып қайта құрылады деп жоспарлануда. Кеңес қызметі әкім аппаратымен (жергілікті өзін-өзі басқару әкімшілігімен) қамтамасыз етіледі. Кеңес мүшелері мен оның төрағасынан тұратын болады. Кеңес мүшелерінің саны және басқа да мәселелер Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін - өзі басқару туралы" Заңымен анықталатын болады, оны келесі жылы әзірлеу жоспарланып отыр", - деді Қайсар Нығметов ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында.

Кеңес құрамы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының санына байланысты болады.

Кеңес мүшелерін азаматтар тікелей, бес жыл мерзімге сайлайтын болады.

"Кеңестің өкілеттіктеріне жергілікті қоғамдастық жиынымен келісілген жергілікті қоғамдастықты дамыту жоспарын, бюджетін бекіту, оның орындалуына бақылауды жүзеге асыру және т.б. кіреді. Сондай-ақ, Кеңес елді мекендерді абаттандыру, санитария, көше саудасы, жергілікті өзін-өзі басқару әкімшілігінің тұрғындарға көрсететін қызметтеріне тарифтерді бекіту, сондай-ақ заңнамада айқындалған салықтар мен төлемдер мөлшерлемелерінің мөлшерін реттеу мәселелерін реттейтін болады. Ауылдық округ әкімі кеңес шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруды және қойылған міндеттердің іске асырылуын қамтамасыз ететін болады", - деп атап өтті спикер.

"Сонымен қатар, ауылдық округ әкімі кеңес алдында өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға жауапты болады. Өз кезегінде сайланған әкім жүргізілген жұмыстар үшін халық алдында есеп береді. Жалпы, кеңес құру азаматтарға барынша жақын өзін-өзі басқарудың төменгі деңгейін құру үшін база болады деп есептеймін. Осылайша, шешім қабылдауға халықтың тартылуы басқару сапасын өзгертіп, азаматтық белсенділікті арттырып, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін — өзі басқару органдарының қызметін ашық етуге тиіс", - деп түйіндеді Қ. Нығметов.

 


Толық мәтінді "Kazinform" ХАА сайтында оқыңыз 

 

 

Сондай-ақ мынаны оқыңыз: ҚР ҰЭМ Қазақстандық БАҚ өкілдерімен ЖӨБ тұжырымдамасының жобасын талқылады




Қарау саны: 5529
Сақталған: 25.08.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!