ҚР ҰЭМ-де ЖӨБ тұжырымдамасының жобасы

19.08.2021

ҚР ҰЭМ-де қазақстандық БАҚ-дың бас редакторларымен ЖӨБ тұжырымдамасының жобасы талқыланды

Құжатты әзірлеушілер журналистерге ЖӨБ тұжырымдамасының негізгі ережелері, артықшылықтары мен басым міндеттері туралы айтты

 

Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) өкілдері Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының негізгі аспектілерін түсіндіру үшін Қазақстанның жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының медиаменеджерлерімен, бас редакторларымен, журналистерімен кездесті.

 

Кездесуде құжатты әзірлеушілер журналистер мен редакторларға ЖӨБ тұжырымдамасының негізгі ережелері, артықшылықтары мен басым міндеттері туралыайтып берді .

 

ҚР ҰЭМ Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті директорының орынбасары Міржан Иманбаев атап өткендей, журналистер мемлекеттік реформалар мен бастамаларды түсіндіруде үлкен рөл атқарады, олар жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын халыққа жеткізеді.

 

Міржан Иманбаев Тұжырымдаманың негізгі жаңашылдықтары туралы айтып берді:

  • 2021 жылы ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу,
  • 2024 жылы аудан әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу,
  • Кеңес өзін-өзі басқару органын енгізу,
  • ауылдар мен ауылдық округтер бюджеттерінің дербестігі,
  • ауыл әкімдерінің өкілеттіктері мен жауапкершілігін кеңейту,
  • ауылды абаттандыру мен дамытуға әсер ететін шешімдер қабылдауда ауыл тұрғындарының рөлін күшейту.

 

Спикер шілде айында өкілеттік мерзімі биыл аяқталған 730 ауыл әкімінің (барлығы 2346) алғашқы тікелей сайлауы өткенін хабарлады. Халық әкімдерді тікелей сайладыТікелей сайлау қорытындысы бойынша 350 өзін-өзі ұсынған (47%) және партиядан 380 өкіл (53%) өтті.

 

"Біз үшін ауыл тұрғындарының ауыл өміріне белсенді араласуы өте маңызды. Осылайша, жергілікті жерлерде саяси мәдениет пен электоралды сауаттылықтың жаңа сапасы қалыптасады", - деп түйіндеді Иманбаев.

 

ERI Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Мұқан жалпы ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері бойынша журналистердің түсініктемелеріне жауап берді.

 

БАҚ өкілдері Жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасын жариялау бойынша ұсыныстар беріп, халықпен жұмыс істеудің және жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысу тұрғысынан ауыл азаматтарының мүмкіндіктерін түсіндірудің маңыздылығын атап өтті.

 

_____


"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) сарапшылары ЖӨБ Тұжырымдамасын әзірлеуге белсенді қатысты.

ӨЗО сарапшылары 2018 жылы жүргізген"Жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігін арттыру арқылы өңірлердің институционалдық ортасын жақсарту" талдамалық зерттеуі оның негізін құрады.


ERI сарапшылары жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың ағымдағы ахуалына талдау жасау, әлемдік тәжірибеге шолу жасау бойынша үлкен жұмыс жүргізіп, тиісті тұжырымдар жасады. Сондай-ақ, ӨЗО мамандары Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2021-2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына ұсыныстар әзірледі.


"Тұжырымдаманы іске асыру азаматтардың өздерін жандандыруға, биліктің халық алдындағы бақылауы мен есептілігі тетіктерін жасауға, өмір сүру сапасы мен жағдайларын жақсартуға ықпал ететін болады", - деп атап өтті ӨЗО сарапшылары.

 

Олардың айтуынша, Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы 2030 жылға қарай жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа моделін қалыптастыруды көздейді. Іске асыру екі кезеңде өтеді: бірінші кезең 2021-2024 жылдары және екінші кезең – 2025-2030 жылдары.

 

ЖӨБ Тұжырымдамасының жобасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты халыққа Жолдауы барысында айтылған тапсырманы орындау мақсатында әзірленді.

 

 


ЖӨБ тұжырымдамасы туралы ERI жарияланымдарының тізімі:

 

 

1.   ERI Орталығы директорының ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы zakon.kz порталына берген сұхбаты


2.   ERI сарапшылары ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы

3. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді


 

4.   ҚР ҰЭМ басшысы ЖӨБ тұжырымдамасының жобасын Реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің отырысында ұсынды


5.   ERI Орталығы директорының ауылдардағы тікелей сайлаудың өңірлерге әсері туралы "Казахстанская правда" басылымына сұхбаты

 

6.   Ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы  Abai.kz басылымына сұхбат (қазақ тілінде)

7. Қазақстанда ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. ERI сарапшысының пікірі 

8.   Ауыл әкімдерін сайлау қорытындылары. ERI сарапшысының талдауы

 

9.   Қайсар Нығметов: Әкімдерді тікелей сайлауды енгізу-ілгері реформа. "ҚазАқпарат" ХАА сұхбат

10.   Ауыл әкімдері жергілікті бюджетті неге жұмсай алады. Informburo.kz порталына сұхбат


 

 

 


 

 

 



Қарау саны: 4962
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!