Руслан Сұлтанов ERI-дің қызметі мен жұмыс бағыттары, соның ішінде халықаралық зерттеу ұйымдарымен ынтымақтастық аясындағы жұмысы айтып берді. Кездесу барысында тараптар инвестициялық әлеует, елдер арасындағы сауда қатынастарын дамыту мүмкіндіктері, кәсіпкерлер проблемалары, сондай-ақ COVID-19 пандемиясына байланысты шектеу шаралары мәселелерін талқылады. Елші ханым екі елдің арасындағы логистикалық байланыстардың болмауымен байланысты Қазақстан мен Үндістан арасындағы екі жақты өзара іс-қимыл кедергілеріне, сондай-ақ үнді кәсіпкерлерінің қазақстандық нарыққа шығу кезіндегі тілдік шектеулеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, цифрландыру дәуірінде тікелей байланысты қажет етпейтін ынтымақтастық үшін жеткілікті салалар бар екендігі атап өтілді. Талқылау тақырыптарының бірі талдау орталықтары арасындағы ғылыми ынтымақтастық мәселелері болды. Бүгінде ERI ғылыми ортаның серіктестік желісін, соның ішінде ШЫҰ Консорциумы шеңберінде кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде. Тараптар сауданың проблемалық мәселелерін талқылау және елдердің үкіметтері үшін ұсынымдар әзірлеу мақсатында ғылыми топтармен және сарапшылар қауымдастығымен бірлескен семинарлар мен онлайн-конференциялар ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарауға уағдаласты. Анықтамалық: Үндістан дамушы мемлекеттердің көшбасшыларының бірі болып табылады және өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісінің бірқатар көрсеткіштері бойынша әлемнің алғашқы ондығына кіреді. Дүниежүзілік Банктің деректері бойынша, ЖІӨ көлемі бойынша Үндістан — әлемнің жетекші елдерінің бірі: 2020 жылы елдің ЖІӨ 2,6 трлн долларды құрады. 2017/18 жылғы елдің ЖІӨ жиынтық өсімі 6,5%-ға бағаланады. Бүгінде экономикалық өсу қарқынының біршама баяулауы байқалады (алдыңғы үш жылда ЖІӨ-нің өсу қарқыны 7,1% - дан төмендеген жоқ). |