Халықаралық ядролық сынауларға қарсы іс-қимыл күні
27.08.2021
Халықаралық ядролық сынауларға қарсы іс-қимыл күні2021 жылғы 29 тамызда бүкіл әлемдік қоғамдастықтың даму тарихындағы әрі жаһандық антиядролық қозғалыстағы маңызды оқиға – Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толады. Семей ядролық полигонында 456 ядролық сынақ жүргізілді, одан бір жарым миллионнан астам адам зардап шекті.
Қазақстанды ядролық полигонды жабу жөніндегі теңдессіз шешімі үшін әлем мойындады. Қазақстанның бітімгершілік үлгісі 2009 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясын 29 тамызды «Халықаралық Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні» деп жариялауға септігін тигізді. Атаулы датаға орай Елбасы кітапханасы Қазақстанның гуманистік миссиясы – ғаламшарды жаппай қырып-жоятын қарудан босатып, ядролық қарудан азат әлем құруға арналған бейнеролик дайындады.
Қарау саны: 5704 |
|
|