ҚР Конституция күні
30.08.2021
"Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз", — делінген елдің Негізгі Заңының кіріспесінде.
ҚР Конституциясының бірінші бабында өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатынын көрсетеді. "Конституция елдің Негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының еркін, оның елді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруға ұмтылысын көрсетеді, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары", — деді Нұрсұлтан Назарбаев. ҚР президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып табылады (2.1-бап.).
Мемлекеттік билік Конституция мен заңдар негізінде оны заң шығарушы атқарушы және сот тармақтарына бөлу принципіне сәйкес жүзеге асырылады (3.4-бап.).
Конституция IX тараудан, 98 баптан тұрады. Қолданыстағы Конституция қабылданған кезден бергі өткен уақыт ішінде оған бес рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді: 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 жылдары.
Қарау саны: 6275 |
|
|