Балалар үшін климаттық тәуекелдердің индексі
27.08.2021
Әлемдегі миллиард бала климаттық дағдарыстың салдарынан «өте жоғары қауіпке» ұшырауда - ЮНИСЕФ 330 миллионға жуық бала (әлемдегі әрбір жетінші бала) кем дегенде бес қатты сілкіністен зардап шегетін аудандарда тұрады. ЮНИСЕФ есебіне сәйкес, миллиардқа жуық бала – әлемдегі 2,2 миллиард баланың жартысына жуығы – климаттық дағдарыстың «өте жоғары қауіпті» елдер санатына жатқызылған 33 елдің бірінде тұрады дейді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (ERI) сарапшысы Анас Абуов. Оның хабарлауынша, 2021 жылғы 20 тамызда ЮНИСЕФ алғаш рет «Климаттық дағдарыс бала құқығының дағдарысы сияқты: балаларға климаттық қауіп-қатер индексін енгізу» атты баяндамасын жариялады (The Climate Crisis Is a Child Rights Crisis: Introducing the Children’s Climate Risk Index). «Friday for Future» оқушылар мен студенттердің халықаралық қоғамдық экологиялық қозғалысымен ынтымақтастықта құрылған осы құжатта, циклондар мен қатты ыстық кезеңдері сияқты климаттық және экологиялық күйзелістердің балаларға әсер ету дәрежесі, сондай-ақ олардың негізгі қызметтерге қол жетімділігінің негізінде осы күйзелістерге осалдығына негізделген елдердің рейтингі жасалды. Есептің деректері қазіргі уақытта осы әсерге ұшыраған балалардың санын көрсетеді және бұл сандар климаттың өзгеру салдарының өсуіне байланысты нашарлай түседі.
1-сурет. Балалар үшін климаттық тәуекелдердің индексі (CCRI) Дереккөзі: UNICEF (2021), The Climate Crisis is a Child Rights Crisis: Introducing the Children’s Climate Risk Index Ескертпе: Интерактивті карта ЮНИСЕФ-тің ресми сайтында қолжетімді: https://data.unicef.org/resources/childrens-climate-risk-index-report/ Зерттеу аясында ғалымдар балалар үшін климаттық қауіптер индексін есептеді. Нәтижелер қазіргі уақытта мынадай жағдайдың орын алғанын көрсетті:
Алайда, деректер кейбір елдердің осы проблемалардың бірнешеуіне ұшырайтындығын көрсетуде. Шамамен 850 миллион бала (әлемдегі әр үшінші бала) осы климаттық және экологиялық күйзелістердің кем дегенде төртеуі сәйкес келетін жерлерде тұрады. 330 миллионға жуық бала (әлемдегі әрбір жетінші бала) кем дегенде бес қатты сілкіністен зардап шегетін аудандарда тұрады. Сондай-ақ, баяндамада парниктік газдардың шығарындылары пайда болатын және балалар маңызды климаттық әсерлерге ұшырайтын жерлерде сәйкессіздіктің бар екендігі ескертіледі. «Өте жоғары қауіпке ұшыраған» 33 ел CO2 әлем бойынша шығарындыларының тек 9% - ын құрайды (олардың ішінде ең жоғары қауіп деңгейі бар 10 ел әлемдік шығарындылардың тек 0,55% - ын шығарады). Және керісінше, шығарындылардың ең жоғары деңгейі бар 10 елге барлығы әлемдік шығарындылардың 70% - ға жуығы келеді. Олардың ішінде бір ғана ел (Үндістан) индексте «өте жоғары қауіпке ұшырағандар» санатына жатқызылған. «Климаттың өзгеруі өте құбылмалы. Жаһандық температураның көтерілуіне ешбір баланың жауапты еместігіне қарамастан, балалар ең үлкен қауіпке ұшырайды. Орын алған жағдай үшін еш қатысы жоқ елдердің балалары ең көп зардап шегуде», - деп мәлімдеді ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Генриетта Фор.
Алайда, оның пікірінше, бізде әрекет ету және тиісті шараларды қабылдау үшін әлі уақыт бар. Балалардың сумен жабдықтау және санитария, денсаулық сақтау және білім беру сияқты негізгі қызметтеріне қол жетімділігін жақсарту олардың климаттық қауіп-қатер жағдайында өмір сүру қабілетін едәуір арттыруы мүмкін. Балаларға арналған климаттық тәуекелдер индексі (CCRI) екі негізгі компонент бойынша құрылған:
1. климаттық және экологиялық қауіптерге, қауіптер мен күйзелістерге ұшырау; 2. балалардың осалдығы.
Осы екі компонент бойынша Индекс 163 елде қауіпті өлшеу үшін 57 айнымалыны біріктіреді.
Жоғарыда аталып өткендей, қауіп деңгейі өте жоғары елдер тобына 33 ел кіреді, олардың ішінде ең осал елдер - Орталық Африка Республикасы, Чад, Нигерия, Гвинея, Гвинея-Бисау, Сомали, Нигер болып табылады. Рейтингке енгізілген 163 елдің ішінде Исландия, Люксембург, Жаңа Зеландия, Финляндия, Эстония және Швецияның балалары климаттық және экологиялық күйзелістердің ең төмен қаупіне ұшырайды (1-суретті және 1-кестені қараңыз).
1-кесте. Балаларға арналған климаттық тәуекелдер деңгейі бойынша рейтингтегі елдерді бөлу
Дереккөзі: UNICEF (2021), The Climate Crisis is a Child Rights Crisis: Introducing the Children’s Climate Risk Index
ERI сарапшысының айтуынша, Қазақстан рейтингте 102-ші орында және балалар үшін климаттық қауіп деңгейі «орташадан жоғары» деп танылған елдердің үлкен тобына кіреді (55). Есепке сәйкес, Қазақстанның балалары Орталық Азияның басқа елдерімен салыстырғанда климаттың өзгеру қаупі аз елдердің қатарына жатады. Сондай-ақ біздің еліміз рейтингте АҚШ, Ресей, Жапония және Түркия елдерінен жоғары орналасқан. «Климаттың өзгеруі адам өмірінің барлық салаларына әсер ететін және Қазақстанды қоса алғанда, барлық елдерге әсерін тигізетін өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Климаттың өзгеру салдарының өсуі, басқа проблемаларды қоспағанда, елдегі балалардың жағдайының нашарлауына және олардың климаттық және экологиялық күйзелістерге, табиғи апаттарға және басқа да стресстік факторларға осал болу қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін», — деді ERI сарапшысы Анас Абуов.
Қарау саны: 5537 |
|
|