Сарапшы пікірі: Ерлан Кәрімов
01.09.2021
2060 жылға қарай ҚР көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі міндет туралыERI сарапшысы: Қазақстанға үлкен қаражатты жұмылдырып, бюджетті климаттық таңбалау бойынша жұмыс жүргізу қажет. ҚР-да электр энергиясын өндірудің 70% - дан астамы көмірмен жүзеге асырылатындығын ескере отырып, мұндай мақсат елдің тұрақты даму жолына түсуге деген салмақты ниетін көрсетеді, деп атап өтті "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ сарапшысы Ерлан Кәрімов. Сарапшы экономиканы экологияландыру қажеттілігі туралы тек отандық сарапшылар ғана емес, сондай-ақ беделді халықаралық зерттеулер де айтып отырғанын атап өтті. SDG Index есебіне сәйкес, 2021 жылы Қазақстан тұрақты даму мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу бойынша әлемдік рейтингте 59-шы орынға ие болды. Бұл ретте экология мәселелері ел үшін ең өткір және өзекті болып табылады. Оның айтуынша, қоршаған ортаға байланысты алдағы сын-қатерлерді екі ірі блокқа бөлуге болады: 1) климаттың өзгеруінің әсері; 2) елдің негізгі экспорттық тауарларын сатудың төмендеу тәуекелі. Климаттың өзгеруі қазірдің өзінде ҚР-дағы көптеген салаларға, әсіресе ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпке теріс әсер етеді. Бұл жауын-шашынның төмен деңгейімен, құрғақшылықпен, ауа-райының күрт ауытқуымен және ресурстардың біркелкі бөлінбеуімен көрінеді. 2023 жылы ЕО-ның "көміртегі салығын" енгізуіне байланысты халықаралық саудадағы алдағы өзгерістер негізгі экспорттық тауарларды (энергия ресурстары, металдар, химикаттар және т.б.) сатудан кірістердің толық алынбау тәуекелін тудырады. ҚР-да экологияландыру саласында белгілі бір жетістіктер бар. Мысалы, 2013 жылы Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып елдің экологиялық саясатының үздік нарықтық құралы болып табылатын көмірқышқыл газының шығарындыларына (КГШ) квота саудасы жүйесін енгізді. 2015 жылы ел Париж келісімі (1990 жылғы деңгейлермен салыстырғанда жаһандық жылынуды 2°C-тан төмен деңгейде ұстап тұру) шеңберінде ҚР міндеттемелері бойынша ұлттық деңгейде айқындалатын алғашқы салымды (ҰДАС) ұсынды. "Париж келісімі аясындағы Қазақстанның міндеттемелерін, ЕО жоспарлаған көміртегі салығын, сондай-ақ 2030 жылға қарай электр энергиясының тапшылығын ескере отырып, Қазақстан үлкен қаражатты жұмылдырып, бюджетті климаттық таңбалау бойынша жұмыс жүргізуі қажет. ҚР-да бюджетті климаттық таңбалауды енгізу экономиканы көгалдандыруға бағытталған мемлекет шығыстарын және климатқа теріс әсер ететін салаларға жұмсалатын шығындарды анықтау тетігін әзірлеуге мүмкіндік береді", — деп қорытындылады ERI сарапшысы. Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына үшінші Жолдауында 2060 жылға қарай елдің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу міндетін қойды. Telegram-да сарапшының пікірін оқу
Қарау саны: 5239 |
|
|