Сарапшы пікірі: Қуаныш Бейсенғазин

01.09.2021

Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасы туралы. Қандай реформаларды күтуге болады?

 

Қажетті шаралар ҚР бюджеттік саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде пысықталуда.

 

Бюджеттің орнықтылығын қамтамасыз ету және фискалдық саясаттың құбылмалылығын төмендету икемді және контрциклдық қағидалар жүйесі есебінен жүзеге асырылады, деп атап өтті "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) сарапшысы Қуаныш Бейсенғазин.

 

Оның айтуынша, Ұлттық қордан (бұдан әрі —ҰҚ) кепілдендірілген трансферт мөлшері жаңа контрциклдық бюджеттік қағида негізінде айқындалатын болады.

 

Қағида мұнайға арналған есептік баға (кесімді баға) кезінде мұнай секторы ұйымдарынан ҰҚ-ға болжанатын түсімдердің көлемінен аспайтын мөлшерде ҰҚ-дан кепілдендірілген трансфертті жоспарлауды көздейді.

 

Есептік баға Үкімет пен Ұлттық Банктің бірлескен іс-қимылдарымен айқындалатын болады.

 

"Контрциклдық ереже мұнайға жоғары баға кезінде ҰҚ — да көбірек қаражатты үнемдеуге және мұнайдың төмен бағасы кезінде бюджеттің теңгерімділігі үшін кепілдендірілген трансфертті ұлғайтуға мүмкіндік береді", – деп атап өтті сарапшы.

 

Бюджет теңгерімінің нысаналы көрсеткіштері орта мерзімді перспективаға арналған шығыстардың міндетті шекті мәндерін белгілеу арқылы іске асырылатын болады. Шығыстардың шекті мәндері ҰҚ-дан трансферттерді қысқарту және мемлекеттік қарыз деңгейін қауіпсіз деңгейлерде ұстап тұру бойынша болжанатын жолды, сондай-ақ нақты макроэкономикалық болжамдар мен тиісті кезеңге арналған кірістердің болжамдарын көрсетуге тиіс.

 

Қарыз туралы қағида бюджеттік ережелер жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

 

Қазақстанда, бүкіл әлемдегі сияқты, COVID-19 пандемиясы салдарының ел экономикасына теріс әсері борыштың өсуінің негізгі себептеріне айналды. Сондықтан борыштың сандық та, институционалдық та ережелері бекітілетін болады, оларды орындау міндетті болады.

 

Осылайша, макроэкономикалық тұрақтылықты күшейтуге ықпал ететін бюджеттік қағидалардың тиімді жүйесі құрылады. Әр қағида бір-бірімен байланысты және толықтырылатын болады.

 

Қазіргі уақытта осы және басқа да тұжырымдамалық шаралар ҚР-дың 2030 жылға дейінгі бюджет саясатының тұжырымдамасы шеңберінде пысықталуда.

 




Қарау саны: 5372
Сақталған: 07.09.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!