Сарапшы пікірі: Дарина Кеңес
01.09.2021
Бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы "Бизнестің жол картасы" және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламаларын ұзартудың әсері қандай болады? Өткен жылдың тәжірибесі көрсеткендей, уақытылы мемлекеттік қолдау бизнеске тек қана қалыс қалмай, экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, деп есептейді "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) сарапшысы Дарина Кеңес.
"Бұл 2021 жылы мемлекеттік қолдау есебінен өнім шығаруды қосымша 11,2 трлн теңгеден астам сомаға, салық төлемдерінің сомасын 0,7 трлн теңгеге ұлғайтуға, шамамен 4,5 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді", — деп толықтырды сарапшы.
"Осылайша, Мемлекет басшысының жоғарыда аталған бағдарламаларды іске асыру мерзімдерін ұзарту және оларды қаржыландыру көлемін триллион теңгеге жеткізу жөніндегі шешімі бизнесті дамытуға да, жалпы экономикаға да айтарлықтай оң әсерін тигізеді", — деп есептейді Дарина Кеңес.
Бұл бизнесті жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күшіне айналдыруға қол жеткізуді және ШОК-тың ЖІӨ-дегі үлесі бойынша мақсатты стратегиялық индикаторларға 2025 жылға қарай 35% - ға дейін, ал орта бизнеске 15% - ға дейін қол жеткізуді қамтамасыз етеді, деп толықтырды ERI сарапшысы.
Telegram-да сарапшының пікірін оқу Сондай-ақ мынаны оқыңыз: Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үшінші Жолдауын ұсынды
Қарау саны: 5395 |
|
|