Сарапшы пікірі: Наурыз Байзақов

02.09.2021

Отандық IT-секторды дамыту және күшейту жөніндегі мақсат туралы

ERI сарапшысы: «Яндекстің» отандық аналогтарының бірі Kaspi.kz деп санаймын.

 

Мемлекет басшысымен айтылған Қазақстанның Еуразия өңірінің маңызды бөлігіндегі орталық цифрлық хабқа айналуы тиіс деген мақсатын өзекті деп санаймын, деді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (ERI) сарапшысы Наурыз Байзақов.

 

Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс ҚР-да ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді: 2005 жылдан бастап Алатау технопаркі жұмыс істеуде, 2018 жылдан бастап - Astana Hub Орталық Азиядағы IT-стартаптардың ірі халықаралық технопаркі ретінде ұсынылды.

 

«Біздің еліміздің бұл бағыттағы әлеуеті зор, Ресей мен Қытай арасындағы орналасқан жері тамаша. Алайда, IT саласында кеңінен даму үшін бізге өзіміздің отандық «Яндекс» немесе «Google» қажет. «Яндекстің» отандық аналогтарының бірі Kaspi.kz деп санаймын Ол өзінің қосымшасы есебінен соңғы 5 жылда цифрландыру саласында үлкен деңгейге қол жеткізді. Күн сайын біз оның ресурстық мүмкіндіктерінің артып келе жатқанын байқаймыз. Бұл компанияның Қазақстандағы инновациялық даму деңгейіне әсер етуінің ықтималдығы жоғары», — дейді сарапшы.

 

Telegram-да сарапшының пікірін оқу



Қарау саны: 5297
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!