Сарапшы пікірі: Наурыз Байзақов
02.09.2021
Отандық IT-секторды дамыту және күшейту жөніндегі мақсат туралыERI сарапшысы: «Яндекстің» отандық аналогтарының бірі Kaspi.kz деп санаймын. Мемлекет басшысымен айтылған Қазақстанның Еуразия өңірінің маңызды бөлігіндегі орталық цифрлық хабқа айналуы тиіс деген мақсатын өзекті деп санаймын, деді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (ERI) сарапшысы Наурыз Байзақов.
Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс ҚР-да ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді: 2005 жылдан бастап Алатау технопаркі жұмыс істеуде, 2018 жылдан бастап - Astana Hub Орталық Азиядағы IT-стартаптардың ірі халықаралық технопаркі ретінде ұсынылды. «Біздің еліміздің бұл бағыттағы әлеуеті зор, Ресей мен Қытай арасындағы орналасқан жері тамаша. Алайда, IT саласында кеңінен даму үшін бізге өзіміздің отандық «Яндекс» немесе «Google» қажет. «Яндекстің» отандық аналогтарының бірі Kaspi.kz деп санаймын Ол өзінің қосымшасы есебінен соңғы 5 жылда цифрландыру саласында үлкен деңгейге қол жеткізді. Күн сайын біз оның ресурстық мүмкіндіктерінің артып келе жатқанын байқаймыз. Бұл компанияның Қазақстандағы инновациялық даму деңгейіне әсер етуінің ықтималдығы жоғары», — дейді сарапшы. Telegram-да сарапшының пікірін оқуСондай-ақ мынаны оқыңыз: Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үшінші Жолдауын ұсынды
Қарау саны: 5296 |
|
|