ERI сарапшысының қатысуымен
06.09.2021
ERI сарапшысы ОКҚ-ның "Жолдау 2021: іске асыру жолдары" дөңгелек үстеліне қатысты Қ.Нығметов: Салық неғұрлым көп болса, бюджет те үлкен болады - ауылдағы өмір де соғұрлым жақсы болады. Мемлекет басшысы әр Жолдауында өңірлік саясат мәселелеріне және адамдарды жергілікті маңызы бар мәселелерді басқаруға тартуға көп көңіл бөледі, деді "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Орталығының директоры Қайсар Нығметов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында "Жолдау 2021: іске асыру жолдары" тақырыбын сараптамалық талқылау барысында. ERI сарапшысы халықтық қатысу бюджеттерінің тәжірибесі, оның өткен жылғы нәтижелері және 2021 жылы іске асыру жоспарлары туралы айтты. Спикер бұл құралдың халық үшін артықшылықтарын атап өтті, сондай-ақ тыңдаушыларға Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен өңірлік стандарттар жүйесі туралы хабарлады. Қайсар Нығметовтің сөйлеген сөзінің нәтижелері бойынша (бастапқы орфография мен пунктуацияны сақтай отырып) ОКҚ сайтында жарияланған жаңалықтың мәтінін келтіреміз: Президент өз Жолдауында көтерген маңызды мәселелердің бірі – өңірлердің дербестігін арттыру Қ.НығметовХалықтық қатысу бюджеттерінің тәжірибесі. Бұл қаншалықты тиімді құрал? Ол қарапайым қазақстандықтарға не ұсына алады? Неліктен мемлекет басшысы бұған тағы да назар аударады? Бұл сұрақтарға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында Экономикалық зерттеулер институты Өңірлік зерттеулер орталығының директоры Қайсар Нығметов жауап берді. Біріншіден, оның айтуынша, Президент әр жолдауында өңірлік саясат мәселелеріне және адамдарды жергілікті маңызы бар мәселелерді басқаруға тартуға көп көңіл бөледі. Тамызда Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды, оның шеңберінде тек ауылдық жерлерде ғана емес, қалаларда да жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту көзделеді.
ERI сарапшысы баяндамасының бейнесі:ОКҚ-ның Facebook-тегі парақшасында Қайсар Нығметовтың тезистері жазылған постқа сілтеме:ОҚҚ сайтындағы жарияланымды қарауСондай-ақ мынаны оқыңыз: ERI сарапшылары Президенттің 2021 жылғы Жолдауын талқылады
Қарау саны: 5239 |
|
|