 
| ТДМ жөніндегі Хатшылықтың қатысуымен
06.09.2021
 
 ТДМ жөніндегі Хатшылық Жас ғалымдардың халықаралық форумына қатысады Іс-шарада 14 елден 200 спикер мен баяндамашы сөз сөйлейді   Экономикалық зерттеулер институты (ERI) АҚ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директоры Бақытгүл Хамбар "Тәуелсіз Қазақстанның зияткерлік әлеуеті: қалыптасу мен дамудың 30 жылы" атты I Халықаралық жас ғалымдар форумына қатысады.   Іс-шара 2021 жылғы 8-10 қыркүйек аралығында Алматыда өтеді.   Ұйымдастырушы: Ұлттық Ғылым академиясының және ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес.   
   Қатысушылар: 14 елден – Қазақстан, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Канада, Қытай, Латвия, Португалия, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түркия, Украина, Франция - 200 спикер мен баяндамашы.     Бақытгүл Хамбар "Қазіргі қазақстандық ғылымдағы тұрақты даму" атты дөңгелек үстелге қатысады. Талқылаудың күн тәртібі Қазақстанда ТДМ қабылданғаннан кейінгі бірінші бесжылдықтың қорытындылары және келесі 5 жылға арналған бағдарлар, елдің 4 ТДМ іске асырудағы сапалы білімге қол жеткізу саласындағы күш-жігері, ТДМ қол жеткізудегі ҚР жетістіктеріне халықаралық ұйымдар қандай баға береді және т.б. сияқты мәселелерді қарауды қамтитын болады.     Форумның негізгі іс-шарасы Қазақстан мен таяу шет елдердің мемлекеттік органдары, Ғылым академиялары, бизнес өкілдерінің қатысуымен "Мемлекеттің, ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылы-елдің инновациялық дамуының негізгі факторы" пленарлық сессиясы болады.   Жас ғалымдар ғылыми жобалар көрмесінде өз идеяларын ұсынады, сондай-ақ "Жасыл әлем" және "Тұлға және қоғам"ғылыми сессияларында саланы дамыту бойынша бастамалары мен ұсыныстарын ортаға салады.   
   Ғылымда алғашқы қадамдарды енді ғана жасап жатқан студенттер мен магистранттарды: алғашқы республикалық кәсіпкерлік диктант, "Science Slam — Қазақстан" зияткерлік сайысы және "Жастар Start UP" инновациялық бизнес-жобалар конкурсы күтеді.   
   Ғылым форумы гибридті форматта өтеді: Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматыдағы өкілдігінде барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып және scienceforum.kz.-те онлайн — трансляцияда тікелей эфирде       Ғылым форумының ашылуы 2021 жылғы 8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де өтеді.   Толық бағдарлама іс-шара сайтында   
Қарау саны: 5793 | 
| 
 
 
 
 
 
 
 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
 
   
   
   
 
 
 
 
 
| 
 |